Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Панфилов ауылында құс фабрикасы салынбайды — Алматы облысының әкімдігі

Алматы облысы Талғар ауданы Панфилов ауылының маңында құс фабрикасы салынбайды. Бұл туралы облыстық әкімдік мәлімдеді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

28.12.2022
Аймақ

«Алматы облысының жер қатынастары басқармасы тиісті тексеру жүргізді. Ол жер телімін кәсіпкерге беру кезінде заңнамалардың бұзылғаны анықталды. Осы бойынша тиісті құжаттар рәсімделіп, сотқа жіберілетін болады. Панфилов ауылының маңынан зауыт салынбайды», — дейді Алматы облысы әкімінің баспасөз жетекшісі Ғалымұрат Жүкел.

Талғар ауданы Панфилов ауылында бұған дейін құс фабрикасының құрылысына қатысты дау шыққан болатын. Тұрғындар түбегейлі қарсы екендерін айтып, наразылық білдірді.

«Келісім құжаты болмай тұрып, құрылыс жүргізе бастаған. «Алель агро» зауыт саламыз деген жер негізінен суармалы жер. Бірақ суармалы жердің бетін тегістеп балласт төсеп тастаған. Қазір біз 12 адамнан тұратын жұмыс тобын құрдық. Ол топта 5 депутат мүше: төртеуі аудандық, біреуі облыстық мәслихат депутаты. Барлығымыз зауыт салуға қарсымыз», — дейді Панфилов ауылының тұрғыны Ербол Серікұлы.

Зауыт салу 2017 жылы жоспарланса керек. Бұл туралы «Алель агро» АҚ өкілдері осы жылдың 26 қарашасы күні ғана ресми хабарлаған болатын. Алайда, тұрғындардың да, облыс әкімдігі тарапынан да қолдау таппады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: Алель агроАлматы облысыБасты жаңалықтарқұс фабрикасыПанфилов ауылы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz