Бұл жолғы іріктеу 6 сала бойынша жүзеге асырылады:
- инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;
- агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;
- сыртқы саясат және инвестициялар;
- экономикалық және қаржылық саясат;
- цифрландыру;
- әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам.
«Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі болу үшін үміткерлер 6 кезеңнен тұратын кешенді іріктеуден өтуі тиіс», – деді ҚР мемлекетітк қызмет істері агенттігінің Алматы олысы бойынша департаменті басшысының м.а. Асхат Такебаев.
Бірінші кезең – құжат тапсыру. Ол 2023 жылдың 1-30 қыркүйегі аралығында pkrezerv.gov.kz арнайы ақпараттық жүйесінде және онлайн режимде жүзеге асырылады.
Екінші кезең – мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау.
Үшінші кезең – ситуациялық тапсырмаларды шешу.
Төртінші кезең – ассессмент-орталығы мен құзыреттер бойынша сұхбат.
Бесінші кезең – сарапшылық комиссиясында кандидаттармен әңгімелесу.
Алтыншы, соңғы кезеңде – Ұлттық комиссияның отырысы өтіп, Президенттік жастар кадр резервіне үздік 50 кандидат қабылданады және 3 жыл Резервте тұрады.
Президентт жастар кадр резерві талаптарына сәйкес Резервке алынған адамдар заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік саяси лауазымдарға, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына, «Б» корпусының басшылық және А санаттар тобының лауазымдарына тағайындалуы мүмкін.
2019 және 2021 жылдары резервке алынған 350 адамның 264-і мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарында жұмыс істейді, яғни жалпы санның 75%-ы жұмысқа орналасқан.