-12 °c
Qonaev
Сенбі, Қаңтар 28, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Қаңтар оқиғасында зардап шеккен отбасыларға 1,1 млрд теңге көмек берілді

Қаңтар оқиғасында зардап шеккен отбасыларға 1,1 млрд теңге материалдық көмек берілді. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасынан мәлім етті.

Ғалия Мұхамбетқызы
28.12.2022
Аймақ
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

«Бүгінде «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен отбасыларға 1,1 млрд теңге сомасында материалдық көмек төледі», – делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

Ұсынылған мәліметке сәйкес, қаңтар оқиғасы кезінде 238 адам, оның ішінде 219 бейбіт тұрғын, құқық қорғау органдарының 19 қызметкері мерт болды. 16 медицина қызметкері, өрт сөндіру қызметінің 34, құтқару қызметінің 8 маманы дене жарақатын алды.

«Азаматтар өлімінің және дене жарақатын алуының әрбір фактісі қылмыстық істің тергеу нысаны саналады. Жалпы, сотқа 673 қылмыстық іс жіберілді. Олар бойынша 1 222 тұлға сотталды, оның ішінде 160 тұлға бас бостандығынан айырылды», – деп атап өтті Бас прокуратура.

Сондай-ақ қаңтар оқиғасына қатысқан 1 089 адамның рақымшылыққа іліккені айтылды.

«Осы жылдың 3 қарашасында Қаңтар оқиғасы кезінде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлғаларға қатысты «Рақымшылық туралы» ҚР Заңының ережелері күшіне енді. Қазіргі уақытта рақымшылық 1 089 тұлғаға қатысты қолданылды. Оның ішінде орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған 8 күдіктіге қатысты қылмыстық қудалау тергеу сатысында тұр. Соттар 9 тұлғаға қатысты қылмыстық істі тоқтатып, 981 сотталушының жаза мерзімін қысқартты. Заң қолданысқа енген сәттен бері түрмеден рақымшылық актісін қолдану арқылы 31 тұлға босап шықты», – деді Бас прокуратура.

Тегтер: алматыкөмекқаңтар оқиғасы

Ұсынымдар

Өткен тәулікте 59 адамнан коронавирус анықталды

28.01.2023

Риддерде әйел 2 жасар баласын балконнан құлатып алды

28.01.2023

Қазақстанда құбыжық бейнесіндегі ойыншық сатылымына шектеу қойылуы мүмкін

28.01.2023

Шымкентте бірнеше шенеунік қамауға алынды

28.01.2023

Балқаш ауданының дәнді дақылдар өнімін арттыруға ғалымдар араласатын болды

27.01.2023
Фото: Аслан Қажеке

Шенеуніктердің тиімсіз жоспарлауы салдарынан бірқатар жобалар уақытылы іске аспай, ал қаржы игерілмей жатыр – Cұлтанғазиев

27.01.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz