Қонаевтағы жаңа жағажайды «Фридом финанс» компаниясы салып жатыр.
Аумағы — 1 шақырым. Мұнда шағын сәулеттік нысандар, орындықтар, шатырлар, фудкорттар, заманауи конструкциялар, бизнес орындары, санитарлық аймақтар, фотоаймақтар орналасқан. Аталған жағажай былтыр абаттандырылып, қолданысқа берілген №5 жағажайдың маңында орналасқан.
«Ал №6,7 жағажайларды «Қонаев ӘКК» АҚ қаржысына абаттандырып, қолданысқа беру жоспарланған. №8 жағажайда ауқымды инвестжобаның құрылысы былтыр басталған. Бұл жер Аттракциондар паркіне айналады деп көзделуде», – деді ТҮКШ бөлімінің басшысы Тимур Ақмырзаев.
Айта кететін жайт, қалалық жағажайларға кіру тегін. Демалушылар тек тұраққа ақы төлейді.
Жалпы қалада 140-тан астам туристік нысан жұмыс істеп, салада 1,5 мыңнан астам адам еңбек етуде. Соңғы жылдары 4 ірі инвестжоба жүзеге асырылып, 150 жаңа жұмыс орны құрылды. Былтыр шомылу маусымында Қапшағай су қоймасына 1,5 млн демалушы келген.