Бұл шара жастарды елін, жерін сүюге шақырып, ұлы тұлғаларымызды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.
Фестиваль барысында қазақ дәстүрлі қару-жарақтарының заманауи үлгіде жаңғыртып жүрген шеберлер ҚР Мәдениет қайраткерлері ағайынды ұсталар Құлменовтердың «Ұсталық» және Дәулет Шоқпаровтың «Зергерлік» атты шеберлік сабақтары келушілер назарына ұсынылды. Және «майданда шынығатын» батырлардың әскери күш-қуатын дәріптейтін «NOMAD» этно-орталығы мүшелері қалың көрерменге өз өнерлерін паш етті.
Сондай-ақ айтулы күннің қарсаңында «Кенесары өмірі мен ерлігі және қилы тағдыры» атты ғылыми-практикалық конференция да өтті. Оған Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің және Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының, Қырғызстанның тарихшылары қатысты.