Барлық мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларында мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртіптері нақты айқындалған.
Осы ретте, жыл басынан бері Департаментпен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау шеңберінде қызмет берушілердің тиісті ақпараттық жүйелеріне қол жеткізу арқылы қашықтан мониторинг жүргізу кезінде өңірде 4000-нан астам мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзу фактісі анықталды. Оның 68%-ы жергілікті атқарушы органдарға тиесілі болса, 32%-ы орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің үлесінде болып отыр.
Нәтиже бойынша Департаментпен бұзушылықтарға алдағы уақытта жол бермеу мақсатында қызмет берушілерге тиісті ұсынымдар жолданды.
Бұл қызмет берушілерге бармай-ақ бақылау жүргізуге мүмкіндік беретін қашықтықтан мониторинг жүргізу институтының тиімділігін көрсетеді.
Департамент мемлекеттік қызмет көрсетудің ашықтығын қамтамасыз ете отырып, аталған бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастыратын болады.
Егер Сіз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде өз құқықтарыңыздың бұзылуына тап болсаңыз, Департаментке жүгіне аласыз (Қонаев қ., Жамбыл көшесі, 13 мекенжайы немесе «Е-Өтініш» платформасы).