Тергеу барысында «Tоредо» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылары 2021–2023 жылдар аралығында құрылысқа қажетті рұқсат құжаттарынсыз, лицензиясыз және жобалық-сметалық құжаттамасыз жұмыс істегені анықталды.
Соған қарамастан, аталған компания НOME, НOME Южный, НOME SAU және НOME МAK тұрғын үй кешендерін әлеуметтік желілерде белсенді жарнамалап, Бірыңғай тұрғын үй құрылысы операторының кепілдігі болмағанына қарамастан 100-ден астам азаматтан жалпы сомасы 972 миллион теңге жинаған.
Тергеу мәліметіне сәйкес, құрылыс талаптарға сай жүргізілмей, белгіленген мерзімде аяқталмаған. Бұл үлескерлердің жаппай құқық қорғау органдарына шағымдануына себеп болды.
Соттың санкциясымен күдіктілердің 240 миллион теңгеден асатын мүлкіне — 12 жер телімі, 9 автокөлік, аяқталмаған үш қабатты ғимарат және жеке тұрғын үйге — тыйым салынды.
Қазіргі таңда күдіктілер қамауда, іс материалдары сотқа жолданды.