Алматы облысы Полиция департаментінің жедел қызметкерлері 1 сәуір күні Қарасай ауданаралық мамандандырылған сот аумағынан қашып кеткен күдіктіні Ақши ауылында қолға түсірді.
Хабарламада айтылғандай, іздестіру басталған сәттен бастап облыстық полиция мен Ұлттық ұлан күштері толық жұмылдырылып, көршілес өңірлердің тәртіп сақшылары да тартылған. Жедел іздеу нәтижесінде күдіктінің бағыты анықталып, арнайы бөлім сарбаздарының көмегімен жасырынған жері табылып, күдікті ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Негізгі ісіне қоса, күдіктіге қамаудан қашқаны үшін Қылмыстық кодекске сәйкес қосымша айып тағылды.