Бұл туралы бүгін Мәжіліс кулуарында журналистердің сауалына жауап берген Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдеді.
«Иә, кеше Қаскелең сотынан қашып кетті. Біздің орган қызметкерлерінің өз ісіне салғырт қарауына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті әлі табылған жоқ. Табамыз», – деді Игорь Лепеха.
Іс бойынша тергеу жүріп жатыр. Құзырлы органдар қашып кеткен адамның қайда екенін анықтау үшін барлық қажетті шараларды қолға алған.