Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

ҚМДБ Алматы облысында баланы ұрған имамды жұмыстан шығарды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы облысы бойынша өкілдігі Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылындағы мешітте болған оқиғаға түсінік берді.

30.09.2023
Аймақ

Әлеуметтік желіде тараған видеода мешітте намаз оқуға кедергі келтірген кішкентай баланы сапта тұрған имам ұрып жіберген, бала соққыдан құлап түседі.

Оқиға Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылындағы «Хидаят» мешітінде болғаны анықталды.

«Келеңсіз оқиғадан кейін Еңбекшіқазақ ауданының әкімшілік қызметкерлері, Шелек ауылының тұрғындары, дін қызметкерлері, мешіт жамағаты және баланың ата-анасының қатысуымен арнайы кездесу өтті. Жиында «Хидаят» мешітінің имамы өз қателігін мойындап, баланың ата-анасынан, сондай-ақ көпшіліктен кешірім сұрады. Баланың заңды өкілдері имамның кешірімін қабыл алып, екі тарап өзара бітімге келді», — деп хабарлады ҚМДБ-ның Алматы облысы бойынша өкілдігі.

Сондай-ақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы жағдайға байланыста тиісті қорытынды шығарып, өрескел әрекетке жол берген дін қызметкеріне шара қолданғаны айтылды.

«Бас мүфтидің бұйрығымен «Хидаят» мешітінің имамы жұмыстан шығарылды. Алдағы уақытта мұндай оқиғалар орын алмас үшін өзге имамдармен тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілуде», — делінген мәліметте.

Тегтер: Алматы облысыимамҚМДБсоққы

Соңғы жаңалықтар

В Алматинской области открыт 161-й добровольный пункт пожаротушения «Ауыл құтқарушылары»

Николай Иващенко
13.03.2026

Полицейские Казахстана продолжает изымать незаконное оружие и боеприпасы

Николай Иващенко
13.03.2026

МВД РК обратилось к гражданам перед референдумом

Николай Иващенко
13.03.2026

В ЦИК РК рассказали, как найти свой избирательный участок по ИИН

Николай Иващенко
13.03.2026

За репост какой информации в соцсетях будут наказывать в Казахстане

Николай Иващенко
13.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz