19 °c
Qonaev
Жексенбі, Мамыр 28, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Қой бордақылау институтының жұмысын қайта жандандыру керек – Марат Сұлтанғазиев

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің Жамбыл ауданы тұрғындарымен кездесуінде жұртшылық Мыңбаев ауылында орналасқан Қой бордақылау институтының тағдырына алаңдаушылық танытты.

Ақерке Жұмағазықызы
28.03.2023
Аймақ
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Тұрғындардың сөзінше, 90 жылға жуық тарихы бар институттың жұмысын жандандыру қажет. Себебі, облыста селекцияға 1 млрд теңге бөлінгенімен, ауданның мал шаруашылығы саласы ақсап тұр.

«Кеңес заманында толық қуатында жұмыс жасап тұрған институт 15 одақтас республиканың ішінде алдыңғы қатардағы оқу ордасының бірі болатын. Бұл жердің жұмыс жасамағанына 3 жыл болды. Аудан әкіміне де тиісті сұрақтарды қойғанымызбен, жоғары билік өкілдерінің қолдауы қажет болып тұр», – деді тұрғын.

Фото: Аслан Қажеке

Ал Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев бұл институттың Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университетіне қарасты екенін айтты.

«Былтырдан бері Аграрлық университет басшылығымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Оқу ошағымен 1 факультетті осы жаққа қарай көшіру туралы сөйлескенбіз. Бірақ университеттің өзінде орын алған біршама өзгерістерге байланысты байланыс уақытша тоқтап тұр. Сіздер қозғап отырған мәселе расымен де өзекті. Мысалы, күні кеше осы ауылдан бұрын-соңды болмаған қой ауруы табылды. Сондықтан бұл іске белсенді түрде кірісіп, мәселені біржақты етуіміз қажет. Институт жұмысын жандандырмаса, мал шаруашылығына келетін зиян көп болып тұр. Аталған мәселемен менің орынбасарым Рауан Рақымбеков айналысатын болады», – деді өңір басшысы.

Фото: Аслан Қажеке
Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарЖамбыл ауданықой бордақылауМарат Сұлтанғазиев

Ұсынымдар

Алматы облысында кәмелетке толмағандардың мәселесі талқыланды

27.05.2023

Іле ауданында мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсаған

27.05.2023

Қазақстанда 15 мыңнан астам шетел азаматы еңбек етеді

26.05.2023

Қазақша мәтінді дыбыстайтын Telegram-бот іске қосылды

26.05.2023

Илон Маск адам миына чип салуға рұқсат алды

26.05.2023

Қонаевта демалыс күндері бірнеше көше жабылады

26.05.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
ZERO.kz

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz