16 °c
Qonaev
Жексенбі, Қыркүйек 24, 2023
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Қонаев қаласын дамытуға республика бюджетінен 1,4 трлн теңге бөлінеді

Қонаев қаласын дамыту үшін 5 жылда 4 трлн теңгеден астам қаражат тарту көзделіп отыр. Оның 1,4 триллионы республикалық бюджеттен бөлінеді.

TitleAgency
15.09.2023
Аймақ
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Бұл жайында Қонаев қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарында айтылған.

Жобадағы 4 трлн 64 млрд 631 млн теңгенің 1 трлн 401 млрд 228 млн теңгесін республикалық бюджеттен, 305 млрд 259 млн теңгесін қарызға, 213 млрд 338 млн теңгесін мемлекетік бюджеттен, 62 млрд 440 млн теңгесін ішкі қарыздан, 2 трлн 82 млрд 366 млн теңгесін басқа көздерден тарту жсопарланған.

Бұл қаражатқа мына мәселелерді шешу жоспарланған:

– ірі сауда орталықтары мен тұрмыстық қызмет көрсету объектілерін ашу;

– оқушылар орындарының тапшылығы;

– заманауи медициналық мекемелердің болмауы, дәрігер тапшылығы, медициналық ұйымдардың жарақтандыру;

– мектептер, балабақшалар, ауруханалар, емханалар, мәдени-демалыс ұйымдары мен спорт ғимараттарын салу;

– көшелерге күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу жүргізу;

– инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жаңа тұрғын алаптары мен шағын аудандарына, Шеңгелді және Арна ауылдарындағы жаңа алаңдарға жеткізу;

– үйлердің, ғимараттардың қасбеттерін ағымдық жөндеу, көшелерді, аулаларды, скверлерді, жағажайды күтіп ұстау және абаттандыру;

– ойын-сауық және демалыс саябақтарын/скверлерді, бульварларды және т.б. салу, жөндеу жүргізу;

– газбен жылытуға көшу үшін қазандықты кеңейту (халықтың 75,2%-ы жылуға зәру);

– Заречный, Арна, Шеңгелді, Қосқұдық және Ақөзек ауылдарында электр желілерін жөндеу және жаңалау;

– су құбырларының тозуы – 80%, кәріз желілерінің тозуы – 100%, жылу желілерінің тозуы – 40%, газ құбырларының тозуы – 55%;

– жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының 25,5 шақырымы қанағаттанарлықсыз жағдайда.

Тегтер: Алматы облысы

Ұсынымдар

«URKER-2023» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздары жарияланды

23.09.2023

«Басымнан тепті»: соққыға жығылған талғарлық дәрігер сол күні не болғанын айтып берді

23.09.2023

Алматы облысында мектеп автобусы батпаққа батып қалды

23.09.2023

Тоқаев Берлинде Германия басшыларымен келіссөз жүргізеді

23.09.2023

Үсік, жаңбыр, қатты жел: еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

23.09.2023

Алматы облысында 7 жасар қыз кәріз құдығына құлап, мүгедек болып қалды

23.09.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
ZERO.kz

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz