-2 °c
Qonaev
Дүйсенбі, Ақпан 6, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Қонаев қаласында Алматы облысының мәдени күндері басталды

Бұл Қонаев қаласы облыс орталығы мәртебесіне ие болғалы өтіп отырған ірі көлемдегі алғашқы іс-шара. Алматы облысының мәдениет басқармасы ұйымдастырған шығармашылық кеш Қонаевтың орталық алаңына мыңнан астам қала тұрғындары мен қонақтарын жинады, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Айжан Умбеткали
28.09.2022
Аймақ
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Мерекенің құрметті қонақтары: өңірдің мәдениет қайраткерлері, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Есдәулет Ұлықбек және басқалар болды.

Салтанатты кеш барысында өңірдегі ақын-жазушылардың облыс әкімдігі қолдауымен жарық көрген 10 кітабы таныстырылды.

Фото: Alataunews.kz

«Осы шығармашылық жоба арқылы біз Алматы облысының мәдени маусымын ашамыз. Қонаев қаласы тұрғындары мен қонақтары аймақтағы әнші, бишілердің және белгілі сахна тарландарының өнерін тамашалауға алдын ала шақыртылды. Алматы облысы авторларының үздік кітаптарының тұсаукесері болды, биыл алғаш рет бірден 10 кітапты жарияладық, бұл ешқашан болған емес және бұл қазақстандық авторлардың маңызды қолдауы болып табылады», – деді Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Әлия Жақыпбекова.

Кеш кішкентай оқырмандар үшін де мерекеге айналды. Іс-шара аясында балаларға арналған белгілі авторлардың 3,5 мыңға жуық кітабы өңір кітапханаларына берілді.

Концертте белгілі мәдениет қайраткерлері өнер көрсетті.

Фото: Alataunews.kz

Секен Тұрысбек, Гүлнұр Оразымбетова, Мирас пен Құралай, «Алтынай» мемлекеттік халық би ансамблі және т.б. өнер жұлдыздары ән мен би, күйден шашу шашты.

Көрермендер әсіресе қазақ эстрадасының жұлдызы Гүлнұр Оразымбетованы ерекше жылы қарсы алды. Сондай-ақ кеште ҚР Ұлттық ұлан ән-би ансамблі де өнер көрсетті.

Алматы облысы әкімдігінің өкілдері мәдени маусымда мұндай іс-шаралар көп болатынын жеткізді.

Тегтер: Қонаев

Ұсынымдар

Қонаев қаласында қоғамдық көліктің қосымша 2 бағыты іске қосылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысының Жиделі ауылында су тасқынына қарсы шара жүргізілді

05.02.2023

Қазақстанда ұстаздар күнін 5 қазанға белгілеу ұсынылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жамбыл мен Алматы облыстарында құтқарушылар су тасқынының алдын алды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысында Ұзынағаш-Отар жолын су алды

05.02.2023

«Петропавл-Алматы» бағытындағы пойыз вагонынан өрт шықты

04.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz