-2 °c
Qonaev
Дүйсенбі, Ақпан 6, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Қонаев қаласында балаларға арналған Президенттік шырша өтті

Бүгін Алматы облысының орталығында «Қош келдің, Жаңа жыл – жаңа белес, жаңа арман!» атты Президенттік шырша өтті.

Ақерке Жұмағазықызы
25.12.2022
Аймақ
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Мерекелік шараға әр ауданнан 9 жастан 13 жасқа дейінгі әлеуметтік осал топ санатындағы отбасылардан шыққан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларда, спорттық жарыстарда жеңімпаз атанған 200-ден астам бала қатысты.

Фото: Аслан Қажеке

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев балақайларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, оларға ақ тілегін арнады.

«Еңбек болмаған жерде талант – фейерверк секілді. Жарқ етеді де, тез сөніп қалады. Жетістіктің кілті – еңбекқорлықта. Адамның бойында дарыны болмаса да, еңбектің арқасында үлкен белестерді бағындыруға болады. Әсіресе, балалар бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Қазір елімізде оқушылар үшін көп мүмкіндіктер қарастырылған. Тек өзі туған жерінде танымал болып қана қоймай, әлемді бағындырған адамдар баршылық. Бәріңізге соны тілеймін! Жаңа жыл бәріңізге бақыт әкелсін! Оқуда озат, спортта чемпион болуларыңызға тілектеспін!», – деді облыс әкімі құттықтау сөзінде.

Фото: Аслан Қажеке

Сонымен қатар өңір басшысы еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың балаларға мол сенім артып отырғанын айтып, Мемлекет басшысының атынан әр балаға 100 мың теңге ақшалай сертификат, Президенттің құттықтау сөзі жазылған хатын, Х. Андерсеннің ертегі кітабын, заттай сыйлық табыс етті.

Фото: Аслан Қажеке

«Президенттік шыршаға келгеніме қуаныштымын. Өте қызық өтіп жатыр. Мені осындай шараға шақырған адамдарға рақмет айтқым келеді», – деді Ш. Смағұлов атындағы мамандандырылған физика-математика лицей-интернатының оқушысы Аяулым Ізтілеу.

Фото: Аслан Қажеке

Ал тілшілерге сұхбат берген Іле ауданындағы мектеп-лицейдің оқушысы Мадина Төлендінің айтуынша, балалар бүгінгі мерекелік кештен керемет әсер алған.

«Мен де Президенттік шыршаға бірінші рет қатысып отырмын. Мультфильмдердің, кинолардың кейіпкерлерінің киімін киген аниматорлар, бишілер, әншілер жақсы көңіл-күй сыйлады. Ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін!», – деді Мадина Төленді.

Президенттік шыршада мың бұралған бишінің де, әншінің де қарасы көп болды. Балалар үйлеріне ерекше сезімге бөлене тарқасты.

Фото: Аслан Қажеке

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтаржаңа жылҚонаев қаласы

Ұсынымдар

Қонаев қаласында қоғамдық көліктің қосымша 2 бағыты іске қосылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысының Жиделі ауылында су тасқынына қарсы шара жүргізілді

05.02.2023

Қазақстанда ұстаздар күнін 5 қазанға белгілеу ұсынылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жамбыл мен Алматы облыстарында құтқарушылар су тасқынының алдын алды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысында Ұзынағаш-Отар жолын су алды

05.02.2023

«Петропавл-Алматы» бағытындағы пойыз вагонынан өрт шықты

04.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz