-1 °c
Qonaev
Дүйсенбі, Ақпан 6, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Қонаев қаласындағы зауыт жаңа антифриз өндірісін іске қосты

Күні кеше автокөліктерге арналған түрлі сұйықтықтарды шығаратын «Bagashar meken» ЖШС-нің қазақстандық бренді дүниеге келді. Енді бұл зауыт «Kzcool» атты антифриз өндіреді, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

Ақерке Жұмағазықызы
05.10.2022
Аймақ
Қонаев қаласының баспасөз қызметі

Қонаев қаласының баспасөз қызметі

WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Зауыттың жаңа бағытын шаһар басшысы Нұрлан Құматаев іске қосты. Салтанатты шараға Қазақстанның «Автохимияны өндірушілер және тұтынушылар ассоциациясының» президенті Дәурен Айқұмбаев қатысты.

Қонаев қаласының баспасөз қызметі

«Біз 2009 жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Зауыт тосол, антифриз, салқындатқыш сұйықтық, көліктің әйнегін жууға арналған және дизель отынымен жүретін автокөліктердің газ шығарушы жүйесін тазалайтын арнайы сұйықтықтарды өндіреді. Енді қазақстандық өнімге мән беріп, «Kzcool» антифризін шығаратын үлкен бағыт ашылды», – дейді «Bagashar meken» ЖШС-нің басшысы Алексей Воробьев.

Оның айтуынша, 2013 жылдан бері елімізде дизельдік көліктерді пайдаланылған газдан міндетті түрде тазарту туралы арнайы заң қолданысқа енгізілді. Сондықтан 2021 жылы «Bagashar meken» ЖШС Германияның VDA атты жол қауымдастығынан AdBlue маркалы сұйықтықты өндіруге лицензия алды. Және аталған серіктестік Орталық Азиядағы VDA рұқсатнамасына қол жеткізген жалғыз зауыт.

Қонаев қаласының баспасөз қызметі

«Өнімдер Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия секілді елдерге экспортталады. Жылына бюджетке 800 млн теңге салық төлейміз. Зауытта 200-ге жуық адам жұмыс істейді. Қауқары – жылына 25 мың тонна өнім өндіруге жетеді», – деді зауыт басшысы.

Сонымен қатар ол Қазақстан аумағына тауарларын заңсыз кіргізіп жатқан кәсіпкерлермен тиісті жұмыс атқарылмай жатқанын айтты.

«Бұл мәселе зауыттың қанатын кеңге жаюына кедергі келтіріп тұр. Әйтпесе, елдің түкпір-түкпірін қажетті автохимиямен қамтамасыз етуге шамамыз жеткілікті. Жауапты мамандар осыған көңіл бөлсе деген өтініш бар», – деп сөзін түйіндеді кәсіпкер.

Қонаев қаласының баспасөз қызметі
Тегтер: зауытҚонаев

Ұсынымдар

Қонаев қаласында қоғамдық көліктің қосымша 2 бағыты іске қосылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысының Жиделі ауылында су тасқынына қарсы шара жүргізілді

05.02.2023

Қазақстанда ұстаздар күнін 5 қазанға белгілеу ұсынылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жамбыл мен Алматы облыстарында құтқарушылар су тасқынының алдын алды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысында Ұзынағаш-Отар жолын су алды

05.02.2023

«Петропавл-Алматы» бағытындағы пойыз вагонынан өрт шықты

04.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz