17 °c
Qonaev
Сәрсенбі, Қазан 4, 2023
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Қонаев қаласының «Жылу орталығы» қысқа толық дайын

Қонаев қаласы мен Заречный ауылын жылумен қамтитын «Жылу орталығы» бүгінгі таңда 30 мыңға жуық абонентті жылумен қамтып отыр.

Ақерке Жұмағазықызы
23.08.2023
Аймақ
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Іргетасы 1969 жылы қаланған мекеме былтыр қайта тіркеуден өтіп, «Қонаев жылу» атауын иемденген. Бүгінде мұнда тұрғын үйлер мен ғимараттарды жылыту үшін ұзындығы 58 км құбыр жүйесі мен 10 қазандық жұмыс істейді. Қазандықтардың 6-ы буға арналса, 4-і су қазандығы.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Барлық Төрехановтың айтуынша, аталмыш жылу беру орталығы қысқы кезеңге сақадай сай.

«Жылыту маусымы қазан айының 15 жұлдызында басталады. Бүгінгі күні Қонаев қаласының «Жылу орталығы» қысқа дайын. Биыл мекемеде ұзындығы 7,3 км құбыр жөндеуден өтті. Оған бюджеттен 1,9 млрд. теңге бөлінсе, 60 млн. теңге өз қаражаты есебінен қарастырылды», – деді Барлық Адепханұлы.

Ал, «Жылу орталығы» директоры Сейдахмет Даданбеков, жылу құбырларының 42%-ның тозығы жеткенін айтты. Ескі жүйені қалпына келтіру үшін мекеме жыл сайын өз қаражаты есебінен жөндеу жұмыстарын жүргізеді екен.

Айта кетейік, биыл тарифтерге тағы да өзгеріс енгізіліп, баға бағамы өсе түскен. Барлық Төрехановтың айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда баға 12%-ға артқан. Нәтижесінде, өлшеу құрылғылары бар тұтынушылар үшін тариф құны шаршы метріне 4 000 теңге, ал тиісті құралы жоқтар үшін жылу үшін төленетін құн 5 500 теңге деп бекітілген.

Тегтер: Алматы облысыҚонаев қаласы

Ұсынымдар

Балқаш ауданындағы Қарағаш мектебі күрделі жөндеуден өтеді

04.10.2023

Алматы облысында кішкентай қызды зорлады деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталды

04.10.2023

Алматы облысының спорт мектебіне жаңа басшы тағайындалды

04.10.2023

Іле-Алатауы ұлттық паркінің инспекторы аяусыз соққыға жығылған

04.10.2023

Марат Сұлтанғазиев Тасмұрын каналында шлюз салуды тездетуді тапсырды

04.10.2023

Алматы облысы жол апаты жиі болатын өңірлер қатарында

03.10.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
ZERO.kz

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz