-12 °c
Qonaev
Сенбі, Қаңтар 28, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Қонаевқа әуежай салынады ма – Арслан Дандыбаев инвесторларға жауап берді

Алматы облысы әкімінің орынбасары Арслан Дандыбаев инвесторлармен кездесу кезінде Қонаев қаласының құрылысына қатысты басты бағыттарды атады. Бірнеше қала құрылысын жүргізуге, соның ішінде әуежайға қатысты жобаларды ұсынған инвестоларға облыс әкімінің орынбасары алдымен жер астындағы шіріп кеткен желілер мен үстіндегі инфрақұрылымды реттеуден бастаймыз деп қадап айтты.

Қатира Мағдатқызы
06.10.2022
Аймақ
Фото: Alataunews.kz/Сұлтан Жұмағұл

Фото: Alataunews.kz/Сұлтан Жұмағұл

WhatsAppTelegramFacebookTwitter

«Екі қала үшін үшін қазіргі уақытта бір әуежай жеткілікті. Біз үшін қазір әуежайдан бұрын Алматы мен Қонаев қаласы арасында жолаушы тасымалдау мәселесін шешу маңыздырақ. Қазіргі уақытта екі қала арасында қоғамдық көлік қатынамайды. Бұл мәселе субсидия бөлуді талап етеді. Бір ғана теміржол бар, оның өзі қалаға тоқтамайды, тек Қытай шекарасына бір-ақ өтіп кетеді. Бізге Қонаев-Алматы бағытында қосымша әуежай терминалы арқылы қатынайтын жеңіл рейсті жол салу керек. Өйткені, екі қала арасында жұмысқа қатынайтын жолаушылар легі үлкен», – деді Арслан Дандыбаев.

Фото: Alataunews.kz/Сұлтан Жұмағұл

Облыс басышылығы жолаушы тасымалын осылай ұйымдастыру арқылы мультипликативті нәтижеге қол жеткізбек. Арслан Дандыбаев бұдан кейін облыс орталығында әлеуметтік маңызды нысандар салу өте өзекті деп отыр.

«Бізге мектептер, ауруханалар, балабақша салу керек. Жеке инвестиция саламын деушілерді қолдаймыз. Біздің тараптан тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшылығымен бірлесіп, инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге ат салысамыз», – деді Арслан Дандыбаев.

Мәселен, тек 2023 жылы облыс аумағында 43 мектеп салу жоспарланып отыр. Алматы облыстық құрылыс басқармасы басшылығы оны жүзеге асырудың үш механизмі қарастырылғанын айтты. Біріншісі, бірқатар мектептер біріңғай оператор «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры арқылы салынбақ. Қалған екеуі (мемлекеттік-жеке әріптестік және құрылысы аяқталған мектепті сатып алу) жеке инвесторлар тарту арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, қалаға көпфункционалды спорт кешені, мәдениет үйі сияқты нысандар салу көзделіп отыр.

Фото: Alataunews.kz/Сұлтан Жұмағұл

Қазіргі уақытта Қонаев қаласында тағы бір өзекті мәселе – тұрғын үй құрылысы. Алматы облысы құрылыс басқармасының берген мәліметі бойынша, Қонаев қаласындағы мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің өзін ғана есептегенде 6 мың пәтерге қажетілік бар.

Айта кетейік, Қонаев қаласының бас жоспары әлі бекітілген жоқ. Облыс басшылығы қазір инвесторлармен кездесіп, үздік жобаларды іріктеп жатыр.

Фото: Alataunews.kz/Сұлтан Жұмағұл

Осыған дейін Қонаев маңында G4 City жобасын іске асыру жұмыстары басталып кеткен болатын. Оның концепциясы бойынша серіктес қала төрт тақырыптық аймақтан тұрады:

  1. Gate district – жаһандық қаржы-бизнес кластері;
  2. Golden district – білім беру және медициналық кластер;
  3. Growing district – экспортқа бағытталған сауда-логистикалық орталық;
  4. Green district – интеграцияланған мәдениет және демалыс орталығы.
Фото: Alataunews.kz/Сұлтан Жұмағұл
Тегтер: инвесторинфрақұрылымҚонаев

Ұсынымдар

Өткен тәулікте 59 адамнан коронавирус анықталды

28.01.2023

Риддерде әйел 2 жасар баласын балконнан құлатып алды

28.01.2023

Қазақстанда құбыжық бейнесіндегі ойыншық сатылымына шектеу қойылуы мүмкін

28.01.2023

Шымкентте бірнеше шенеунік қамауға алынды

28.01.2023

Балқаш ауданының дәнді дақылдар өнімін арттыруға ғалымдар араласатын болды

27.01.2023
Фото: Аслан Қажеке

Шенеуніктердің тиімсіз жоспарлауы салдарынан бірқатар жобалар уақытылы іске аспай, ал қаржы игерілмей жатыр – Cұлтанғазиев

27.01.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz