-6 °c
Qonaev
Сәрсенбі, Ақпан 1, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Қонаевта 102 жастағы соғыс ардагеріне құрмет көрсетілді

Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық ұланның ақпараттық-насихаттау тобы соғыс ардагері Оксана Бетебаеваның шаңырағында болды. Қонаевтың құрметті тұрғыны биыл 102 жылдығын атап өтеді. Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Назым Текеспаева
28.09.2022
Аймақ
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

«Әрбір қазақстандық ардагердің ұлы ерлігін құрметтеп, есте сақтауы тиіс. Бізге бейбіт аспан сыйлаған адамдардың есімдерін ешқашан ұмытпауымыз керек. Қарт адамдарға қамқорлық жасау – ортақ парызымыз. Оларды қолдау әрқашан полиция мен құқық қорғау әскерлері әскери қызметшілерінің назарында болады. Бүгінде біздің азаматтарымыз қызметтерін алаңсыз орындап, жеткен жетістіктері үшін шын қуана алады, болашаққа жоспар құра алады. Мұның бәрі, Жеңіс батырлары, сіздердің еңбектеріңіздің арқасында», – деді ардагерге Ақпараттық-насихаттау тобының жетекшісі, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, Халық қаһарманы, полковник Қайрат Үмбетов.

Ардагерге Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының алғыс хаттары, сондай-ақ бағалы сыйлықтар табысталды.

Оксана Бетебаева 1920 жылы 7 қазанда дүниеге келген. Украина КСР Полтава облысының тумасы, жеті жылдық мектептен кейін медициналық училищеге түсіп, оны бітіргеннен кейін Петрово-Роменск аудандық ауруханасында медбике болып жұмыс істеді. 1941 жылы шілдеде 20 жасында Оксана Демидовна әскерге шақырылып, Полтава қаласының №1668 әскери госпиталінде қызмет етті. ІІ дәрежелі Отан соғысы ордені, Жуков медалі және басқа да мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Соғыс жылдарында ол жарақат алған офицер Бекежан Бетебаевпен кездесті. Кейін оған үйленді. Фашистік Германияны жеңгеннен кейін жас жұп Қазақстанға келді. Офицер әйелімен бірге Жаркент қаласына қызмет етуге жіберілді, онда Оксана Демидовна мамандығы бойынша жұмысын жалғастырды. Кейін отбасы қазіргі Қонаев қаласына көшті. Оксана Демидовна Қонаевта туыстарымен бірге тұрады, ол – қала тұрғындарының тірі аңызы мен мақтанышы.

Тегтер: Қонаевқұрмет

Ұсынымдар

Фото: Аслан Қажеке

«Көлсай көлдері» ұлттық паркінің аумағында Нидерланды технологиясы енгізілуі мүмкін

01.02.2023

Алматы облысында апатты жағдайдағы су қоймалары жоқ – ТЖД

01.02.2023

Жетісу облысында сыртқы жарнама үшін негізсіз салық есептелген – Антикор

01.02.2023

Алматы облысы Жібек жолы ауылындағы ағаштардың заңсыз кесілуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды

01.02.2023

Алматы облысында селден қорғайтын 26 нысан жұмыс істеп тұр

01.02.2023

Жетісу облысында көлік аударылып, салдарынан жүргізуші қаза тапты

01.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz