-6 °c
Qonaev
Сәрсенбі, Ақпан 1, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Қонаевта халықаралық компания медициналық ЖОО, фармацевтика зауыты және аурухана салады

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев International Academy of medicine and sciences компаниясының бас директоры Жұмағали Исмаиловты қабылдады, деп хабарлады өңірдің денсаулық сақтау басқармасы.

Ғалия Мұхамбетқызы
30.12.2022
Аймақ
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Кездесу барысында тараптар облыс орталығында жоспарланған бірқатар бірлескен жобаларды талқылады. Мәселен, халықаралық медицина және ғылым академиясы (International Academy of medicine and sciences) Қонаев қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі бойынша 350 орындық облыстық көпсалалы мамандандырылған аурухана салуға ниетті. Жобаны іске асыру мерзімі – 2023-2026 жылдар.

Бұдан басқа, Алматы облысында 2023-2025 жылдарға арналған фармацевтикалық зауыт салу жоспарланған. Бұл ретте жеке инвестициялар көлемі 10 млрд теңге.

Қалада жүзеге асырылып жатқан үшінші жоба — қос дипломды бағдарлама (Үндістан – Қазақстан) бойынша халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ашылуы.

«Қонаев – даму әлеуеті зор қала және біз облыс әкімдігімен әлеуметтік жобаларымызды жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Бұл үшін бізде жол картасы әзірленіп, қысқа мерзімде осы бағытта жұмысты бастауға ниеттіміз», – деп атап өтті академияның бас директоры Жұмағали Исмаилов.

Өз кезегінде облыс әкімі жоспарларды іске асыруда жан-жақты қолдау білдіріп, жобаның әлеуметтік бағытын атап өтті. Тараптар өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы тиісті меморандуммен өз ұстанымдарын бекітті.

Тегтер: Алматы облысыҚонаев

Ұсынымдар

Жетісу облысында сыртқы жарнама үшін негізсіз салық есептелген – Антикор

01.02.2023

Алматы облысы Жібек жолы ауылындағы ағаштардың заңсыз кесілуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды

01.02.2023

Алматы облысында селден қорғайтын 26 нысан жұмыс істеп тұр

01.02.2023

Жетісу облысында көлік аударылып, салдарынан жүргізуші қаза тапты

01.02.2023
Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Қонаевта есірткі синдикатының ұйымдастырушылары ұсталды

01.02.2023

Қаңтарда қияр мен пияз айтарлықтай қымбаттады

01.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz