Ақпаратқа сәйкес, қаланың аумағындағы безгек масаларының көбеюіне ықпал ететін анафелогенді су қоймалары арнайы құралдармен өңделеді. Жұмыстардың бірінші кезеңі 21–30 сәуір аралығында жүргізіледі.
СЭББ мамандары осы кезеңде қала тұрғындарынан үй жануарлары мен құстарды сыртқа жаймауды өтінеді. Бұл шара олардың денсаулығын қорғауға және улану қаупін азайтуға бағытталған.
Дезинсекциялық жұмыстар ҚР Денсаулық сақтау министрі бекіткен санитарлық ережелерге сай, жергілікті атқарушы органдардың бастамасымен жүргізіледі. Қала әкімдігінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлелері мен қаладағы саябақтарда да масаларға қарсы өңдеу жуық арада басталатынын хабарлады.
Аталған шаралар – қала тұрғындарының жайлы әрі қауіпсіз өмір сүруіне бағытталған маңызды қадамдардың бірі.