Тексеру ҚР «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңының 25-бабына сәйкес ұйымдастырылды. Оған Қонаев қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі, кәсіпкерлік бөлімі және қалалық прокуратура өкілдері қатысты.
Тексеру барысында тиісті рұқсат құжаттарсыз орнатылған нысандар анықталды. Аталған нысан иелеріне заң бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жою туралы ресми хабарламалар берілді.
Сонымен қатар, заңның 68-бабына сәйкес келмейтін құрылыстар да тіркелді. Бұл жағдайлар бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін құзырлы мемлекеттік органдарға хат жолданды.