Шараның басты мақсаты – жағажай аумағын қоқыстан тазарту, су айдындарының ластануын болдырмау және қоғам назарын қоршаған ортаны қорғау мәселесіне аудару.
Қонаев қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Базарбай Оралбаев:
«Біздің мақсатымыз – табиғатты таза күйінде сақтап, оны келешек ұрпаққа мұра ету. Экологияны қорғау – әрбір азаматтың басты міндетіне айналуы тиіс. Осындай бастамаларға жұртшылықтың белсенді атсалысуы аса маңызды», – деп атап өтті.
Акция барысында қатысушыларға экологиялық мәдениет, табиғатты аялау және қоршаған ортаны күтіп ұстаудың маңыздылығы туралы ақпарат беріліп, тәрбиелік түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде 200-ден астам тұрғын жұмыла кірісіп, жағажай аумағын тұрмыстық қалдықтардан, пластик бөтелкелер мен қағаз қоқыстардан тазартты. Жалпы, 3 тоннадан астам қоқыс жиналды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай экологиялық бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады, әрі Қонаев қаласының табиғи сұлулығын сақтау жолындағы маңызды шаралар қатарын толықтырады.