Алматы облысы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында вейптер мен темекі өнімдерін заңсыз сатумен айналысқан 33 жастағы азаматты анықтаған. Ол Қонаев қаласының тұрғыны болып шықты.
Тәртіп сақшылары күдіктіні полиция бөліміне жеткізді. Қазіргі таңда аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Ведомство өкілдері заңсыз темекі өнімдерін сатудың қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертіп отыр.
Фото: istockphoto.com