-6 °c
Qonaev
Сәрсенбі, Ақпан 1, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Қонаевта тұмауға қарсы 2000-нан аса адам вакцина алды

1 қазанда тұмауға қарсы вакцина егу науқаны басталғалы қалада 2260 адам екпе алған. Бұл туралы Alataunews.kz тілшісіне Қонаев қалалық ауруханасының дәрігер-терапевті Зүбәйра Сарсенова айтты.

Ақерке Жұмағазықызы
10.10.2022
Аймақ
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

«Вакцинаны ауру өршитін маусымы басталмас бұрын алған жөн. Өйткені вирусқа қарсы иммунитет қалыптасуы үшін екпеден кейін кем дегенде 2 апта өтуі қажет. Біздің ауруханада вакциналау науқаны 1 қазан күні басталды. Вакциналау 30 қазанға дейін жалғасады. Осы уақытқа дейін 2260 адам вакцина алды. Екпе тегін әрі медициналық сақтандыруы жоқ тұрғындарға да салынады», – деді дәрігер.

Вакцина 18 бен 64 жас аралығындағы адамдардың шамамен 60 пайызын тұмау жұқтырудан қорғап қалады. Ауру өршісе өлімге әкелуі мүмкін.

Респираторлық ауру тудыратын вирус түрлері күзгі-қысқы маусымдарда, яғни, суық және құрғақ ауада тез таралады. Соның бірі – тұмау.

«Тұмау ЖРВИ тобына жатқанымен, оны суық тиюмен шатастырмау керек. Себебі, бұл аурудың түрі өкпе, жүрек, ми қабынуына әсер етеді. Тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Тұмау, әсіресе, егде адамдар, балалар мен жүкті әйелдер, диабет, жүрек ауруы немесе кез келген созылмалы ауруға шалдыққан науқастар үшін қауіпті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, жыл сайын 60 мыңға жуық адам (жасы 65-тен асқан) тұмаудан қайтыс болады», – деді Зүбәйра Сәрсенова.

Тегтер: вакцинаҚонаевтұмау

Ұсынымдар

Фото: Аслан Қажеке

«Көлсай көлдері» ұлттық паркінің аумағында Нидерланды технологиясы енгізілуі мүмкін

01.02.2023

Алматы облысында апатты жағдайдағы су қоймалары жоқ – ТЖД

01.02.2023

Жетісу облысында сыртқы жарнама үшін негізсіз салық есептелген – Антикор

01.02.2023

Алматы облысы Жібек жолы ауылындағы ағаштардың заңсыз кесілуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды

01.02.2023

Алматы облысында селден қорғайтын 26 нысан жұмыс істеп тұр

01.02.2023

Жетісу облысында көлік аударылып, салдарынан жүргізуші қаза тапты

01.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz