-12 °c
Qonaev
Сенбі, Қаңтар 28, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Қонаевта «жабайы саудамен» айналысқан 12 адамға хаттама толтырылды

Бүгін қалалық кәсіпкерлік бөлімінің мамандары жергілікті полиция департаменті өкілдерімен бірлесіп, шаһардағы «жабайы сауда» орнына айналған 3-ші шағын ауданына рейд жүргізді. Жедел алдын алу іс-шарасына Alataunews.kz тілшісі де қатысты.

Ақерке Жұмағазықызы
01.11.2022
Аймақ
Фото: Аманжол Жонкешов

Фото: Аманжол Жонкешов

WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Мониторинг барысында тұрғындардың арыз-шағымы тыңдалып, назарға алынды.

«Юбилейныйда жүреді халық. «Айша ситида» 3 жыл отырдық, одан кейін ай сайынғы 40-50 мың теңге аренданы төлей алмай, мен осы стихийный базарға шықтым. «Жетісу» базарында 25 жыл сауда жасадым. Заңдастырылған жеке кәсібім де болды, салық та уақытылы төленді. Кейіннен жалға алған жердің бағасы қымбаттап, бәрі құрдымға кетті. Тіпті, зейнетақы қорына қаржы құя алмай, 20 жыл еңбек өтіліммен 65 мың теңге пенсияға шықтым. Жабайы сауданың арқасында несиемді төлеймін. Айдалада жетіскеннен отырмын ба? Юбилейныйда бір бутикті жалға алу – 200-250 мың теңге көлемінде», – деді гүл сатушы апа.

Фото: Аманжол Жонкешов

Саудагердің айтуынша, «Жетісу» базарында 25 жыл балық сатқан. Нәтижесінде жалға алып отырған жердің иесі басқа адамға бизнес орнын сатып жіберген. Жаңа басшы аренда бағасын көтерген соң саудагерлердің құты қашып, «жабайы саудаға» бет бұрған. Базарлардағы орындарды жалға алу құны айына 50-60 мың теңге, ал бутик бағасы 200-250 мың теңге. Мұндай бағаны екінің бірінің қалтасы көтере бермейді.

Фото: Аманжол Жонкешов

Ал «Юбилейка» бойында көрпе-жастық сататын Шолпанның айтқанына сүйенсек, осы уақытқа дейін де сауда мәселесін айтып, БАҚ өкілдеріне сұхбат бергенімен еш нәтиже болмаған.

Фото: Аманжол Жонкешов
Фото: Аманжол Жонкешов

«Күйеуімді полиция департаменті өкілдері соққыға жықты. Тіпті, ескерту беріп, айыппұл салмай, бірден қамап тастады. Бәрі де осы ретсіз сауданың айналасында, 2-3 күн бұрын болған оқиға», – деді Шолпан.

Фото: Аманжол Жонкешов
Фото: Аманжол Жонкешов

Бұған қатысты полиция департаментінің айтар өз уәжі бар.

«29 қазан күні болған оқиғада керісінше Шолпанның күйеуі полиция мамандарына жұдырық ала жүгірді. Аталған оқиғаның видеосы да бар. Осы жердегі саудагерлердің бәрі куә», – деді 3-ші шағын ауданның учаскелік полицейі Хасан Мамыров.

Жүргізілген шара нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің белгiленбеген орындарда сауда жасау бабына сәйкес 12 саудагерге әкімшілік хаттама толтырылды. Оның 11-не ескерту берілсе, 1 адамға 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Фото: Аманжол Жонкешов

«Жыл басынан бері 189 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңға бағынбаған адамдар болса, олар ҚР ӘҚБтК-нің ұсақ бұзақылық бабына сай заң алдында жауап береді», – деді Хасан Мамыров.

Қалалық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Ғабит Есімбектің айтуынша, мұндай шаралар жиі өткізіліп тұрады. Қалада «жабайы сауданы» жүргізу тек «Айша сити» базарында ғана рұқсат етілген.

Естеріңізде болса, биыл 23 қыркүйек күні «жабайы сауда» мәселесі жайлы ақпар бергенбіз.

Күні кеше әлеуметтік желідегі тұрғынның шағымына сүйене отырып, белгіленбеген жерде сауда жасаған екі азамат ҚР ӘҚБтК-нің 204 және 434 бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: жабайы саудаҚонаев

Ұсынымдар

Фото: Аслан Қажеке

Марғұлан Сейсембаевтың Талғар ауданындағы жобасы неге іске аспай қалды? – Cұлтанғазиевтің пікірі

28.01.2023

Өткен тәулікте 59 адамнан коронавирус анықталды

28.01.2023

Риддерде әйел 2 жасар баласын балконнан құлатып алды

28.01.2023

Қазақстанда құбыжық бейнесіндегі ойыншық сатылымына шектеу қойылуы мүмкін

28.01.2023

Шымкентте бірнеше шенеунік қамауға алынды

28.01.2023

Балқаш ауданының дәнді дақылдар өнімін арттыруға ғалымдар араласатын болды

27.01.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz