Жарысқа қатысқандардың ең кішісі – 7 жаста, ең үлкені – 63 жастағы Қонаев қаласы тұрғыны.
Оқушылар 2 шақырым, орта жастан асқандар 3 шақырым қашықтыққа жүгірді.
Әр жас санатындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер тиісті дәрежедегі грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.
«Қадірлі жерлестер, мереке құтты болсын! Аталған марафон облыс орталығы болғалы бері ұйымдастырылған 2-ші жарыс. Спорт – денсаулық кепілі. Сол себепті мұндай ауқымды мерекеде спортқа айрықша көңіл бөлінгенін айта кеткен жөн. Додаға 500-ден астам қала тұрғыны қатысты. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!», – деді облыстық спорт басқармасы басшысы Нұрбақыт Теңізбаев.