-6 °c
Qonaev
Сәрсенбі, Ақпан 1, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Қонаевтағы жалғыз инватакси істен шықты – қоғамдық бірлестік өкілі облыс әкіміне арызданды

Келесі жылы Қонаев қаласының мүмкіндігі шектеулі азаматтары инватаксисіз қалуы мүмкін екенін айтып, «Қамқор жүрек» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ләззат Салықова облыс әкіміне арызданды.

Ақерке Жұмағазықызы
23.12.2022
Аймақ
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Оның айтуынша, қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсететін мемлекеттік 1 ғана инватакси бар. Оның өзі апаттық жағдайда тұрғандықтан, қызмет көрсетуге жарамсыз.

«Қала бойынша жарамсыз мемлекеттік инвакөліктен бөлек, біздің бірлестікке тиесілі 1 ғана инватакси бар. Оны біз 2019 жылы сатып алғанбыз. Ендігі жылдан бастап қызмет көрсетуді тоқтатқалы отырмыз. Себебі, бұл саланың жұмысы бір жолға қойылмаған. Жергілікті экономика бөлімі инва сағатты қалай есептейтінін түсінбеймін. Олардың есебі дизель отынының, бірлестік қызметкерлерінің еңбекақысын, техникалық жөндеу шығынын еш өтемейді. Ал мұндай әрекетке бару – бірлестікті тек шығынға батырады. Жаңа инватакси сатып алу керектігі туралы айтып жүргеніме 2 жылдай уақыт болды. Ешкім мені тыңдағысы келмейді. Осы аталған 2 мәселені назарыңызға алуыңызды сұраймын», – деді облыс әкіміне сұрақ қойған Ләззат Салықова.

Өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев болса бұл мәселе тек Қонаев қаласына тиесілі проблема емес екенін айтты.

«2023 жылы Талғар ауданына 6 инватакси сатып алынады. Тиісті құжаттар реттеліп болғанша соның біреуін Қонаев қаласына береміз. Көктемде бюджет мәселесі қаралғанда, сіз айтқан ұсынысты қосамыз», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Айта кетейік, шаһарда 1400 мүмкіндігі шектеулі тұрғын бар, оның 305-і балалар.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: Алматы облысыинватаксиМарат Сұлтанғазиев

Ұсынымдар

Алматы облысында апатты жағдайдағы су қоймалары жоқ – ТЖД

01.02.2023

Жетісу облысында сыртқы жарнама үшін негізсіз салық есептелген – Антикор

01.02.2023

Алматы облысы Жібек жолы ауылындағы ағаштардың заңсыз кесілуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды

01.02.2023

Алматы облысында селден қорғайтын 26 нысан жұмыс істеп тұр

01.02.2023

Жетісу облысында көлік аударылып, салдарынан жүргізуші қаза тапты

01.02.2023
Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Қонаевта есірткі синдикатының ұйымдастырушылары ұсталды

01.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz