-6 °c
Qonaev
Сәрсенбі, Ақпан 1, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Қосқұдық ауылында «Жас сарбаз» сыныбы ашылды

Бүгін Шеңгелді ауылдық округіне қарасты Қосқұдық ауылындағы 9 орта мектепте әскери-патриоттық сынып ашылды, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

Ақерке Жұмағазықызы
14.10.2022
Аймақ
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Шара барысында әскери-патриоттық бағытты ұстанатын 5-сынып оқушылары ант қабылдады.

«Бүгінде елімізде 6 мыңға жуық әскери-патриоттық клубтар және сыныптар ашылған. «Жас сарбаз» қозғалысы қазір 170 мыңдай өренді біріктіріп отыр. Ауылымызда мұндай сыныптың ашылғанына қуаныштымыз», – деді мектеп директоры Руслан Кожамсеитов.

Оның айтуынша, 54179 әскери бөліммен бірлесіп жасалған екіжақты меморандумға сәйкес жұмыс жоспары құрылады. Аталған жоспар аясында «Жас сарбаз» әскери сыныбында аптасына екі рет жауынгерлік сабақтар өткізіледі. Әскери бөлім тарапынан оқушыларды тарихи орындарға, әскери музейге және түрлі жарыстарға апару секілді іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.

5 ұл тәрбиелеп отырған ауыл тұрғыны Әбдиев Болат үшін бүгін ерекше есте қалар күн. Себебі, енді оның 2 баласы ерекше сыныпта оқитын болады.

«Балалардың тәртібіне көңіл бөлген дұрыс. Өйткені, олар – еліміздің болашағы, кемел келешектің тұтқасы. Меніңше, кез келген бала рухы мықты, ұлтын сүйетін азамат болып өскені абзал. Бұл сыныптан үлкен үміт күтеміз», – деді ол.

Салтанатты шараға 54179 әскери бөлімі командирінің орынбасары, майор Жақсыбаев Талғат, қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарманың бастығы, подполковник Жексембаев Қанат, қалалық мәслихат депутаты, қоғамдық кеңестің мүшесі Горяной Сергей және ауыл ақсақалдары, қоғам белсенділері қатысты.

Салтанатты басқосуда қадірлі қонақтар сөз алып, ізгі тілектерін жеткізді. Жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

 

Ұсынымдар

Алматы облысы Жібек жолы ауылындағы ағаштардың заңсыз кесілуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды

01.02.2023

Алматы облысында селден қорғайтын 26 нысан жұмыс істеп тұр

01.02.2023

Жетісу облысында көлік аударылып, салдарынан жүргізуші қаза тапты

01.02.2023
Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Қонаевта есірткі синдикатының ұйымдастырушылары ұсталды

01.02.2023

Қаңтарда қияр мен пияз айтарлықтай қымбаттады

01.02.2023

Алматыда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

01.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz