7 °c
Qonaev
Сәрсенбі, Наурыз 22, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Құрылыс компаниялары студенттік жатақхана салғаны үшін мемлекеттен қаржы ала алады

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында «Қаржы орталығы» АҚ-на қарасты департамент басшысы Диас Жамбылов айтты.

Ақерке Жұмағазықызы
17.03.2023
Аймақ
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Маманның айтуынша, Қаржы орталығының жүзеге асырып жатқан бірінші жобасы – студенттік жатақханалар салуды қаржыландыру. Яғни, белгілі бір кәсіпкер Алматы секілді мегаполисте не басқа облыстық маңызы бар қалаларда жатақхана салуға ниетті болса, қаржы орталығы тарапынан ақша ала алады. Бұл тетік мемлекеттік тапсырыс негізінде жүзеге асады.

«Жатақхана тұрғызу кезінде Қаржы орталығы төсек орнына байланысты қаражат бөледі. Алматы қаласында нысанды жаңадан салып жатқан кәсіпкерлерге жылына әр студент үшін 230 АЕК көлемінде ақша бөлінеді, басқа қалалар үшін бұл соманың көлемі – 195 АЕК көлемінде. Кәсіпкерлер 6 жыл бойы қаржыландырылады. Ал нысанды қайта пайдалануға беру мақсатында жасалатын жөндеу жұмыстарына бір студент үшін Алматы қаласында 92 АЕК көлемінде, басқа қалаларда 47 АЕК көлемінде қаражат бөлінеді. Бұл жағдайда бизнес өкілдеріне 8 жыл бойы ақша төленеді», – деді Диас Жамбылов.

Қазіргі таңда Қаржы орталығының еншісінде 10 мың төсек орынын қамтитын жобалар бар.

Сондай-ақ кәсіпкер жатақханаларды коммерциялық алаңдармен жарақтандыруға құқылы, олардың негізгі тұтынушылары жатақханада тұратын студенттер болады (асхана, шаштараз, тренажер залы және т.б.). Мемлекеттен төлем мерзімі өткеннен кейін нысан құрылыс салушының меншігінде қалады. Бірақ құрылыс компаниясы 20 жыл ішінде нысанды басқа мақсатқа қолдана алмайды (тұрғын үй, бизнес орталығы және т.б.).

Тегтер: Басты жаңалықтаржатақханақаржықұрылыс

Ұсынымдар

Мереке күндері 20 мыңға жуық полицей азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді

22.03.2023

Мемлекет басшысының атына Наурыз мейрамына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр

22.03.2023
Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Президент қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

22.03.2023
Фото: Alataunews.kz

Қонаев қаласында Наурыз мерекесін атап өту ағаш егуден басталды

22.03.2023

Ауғанстандағы жер сілкінісі Тараз бен Шымкентке сезілді

21.03.2023
Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Nomad Stunts тобының өнерін тамашалады

21.03.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
ZERO.kz

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz