Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Арал теңізіне 1 млрд текше метр су жіберілді

Аралды қалпына келтіру мақсатында 1 миллиард текше метр су жіберіліп, жасыл белдеулер қалыптасуда, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
09.02.2025
Жаңалықтар

2024 жылдың қазанынан 2025 жылдың қаңтарына дейін Солтүстік Аралға 1 миллиард текше метр су бағытталды. Бұл белгіленген жоспардан 100 миллион текше метрге артық. Орталық Азия елдері арасындағы келісімдер нәтижесінде 2025 жылдың наурызына дейін бұл көлем 1,6 миллиард текше метрге жетеді. Қазіргі таңда Солтүстік Аралдағы су көлемі 22,1 миллиард текше метрді құрайды.

Салыстыру үшін, 2022 жылдың басында теңіздегі су қоры 18,9 миллиард текше метр болған. 2025 жылдың соңына қарай бұл көрсеткіш 23,4 миллиард текше метрге дейін артады деп күтілуде.

Солтүстік Аралдың ауданы да кеңеюде. Бүгінгі таңда оның аумағы 3065 шаршы шақырымға жетіп, 2022 жылдың басымен салыстырғанда 111 шаршы шақырымға ұлғайған. Бұл өзгерістер судың минералдану деңгейін төмендетуге және балықтың 22 түрінің популяциясын қалпына келтіруге оң әсер етті. Балық аулау көлемі жылына 8 мың тоннаға дейін өсті.

Сондай-ақ, «Көкарал бөгетін сақтау және Сырдария өзені сағаларын қалпына келтіру» жобасы аяқталуға жақын. Қазіргі таңда «Тәуір» қорғаныс бөгеті, Қарашаланкөл мен Сырдария өзені арасындағы екі бөгет және «Қарашалан-1» каналы мен оның бас құрылысы қайта жөнделді. Жыл соңына дейін Солтүстік Аралды Үлкен Аралдан бөліп тұрған Көкарал бөгетін жаңарту жұмыстары аяқталады. Жобаның жүзеге асуы Солтүстік Аралды сақтап, судың тұздылығын төмендетуге ықпал етпек.

Тегтер: суТеңіз

Соңғы жаңалықтар

Студенты Алматинской области голосуют за будущее

Николай Иващенко
04.03.2026

Как идет профилактика и борьба с коррупцией в системе санитарно-эпидемиологического контроля в Алматинской области за 2025 год

Николай Иващенко
03.03.2026

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz