2025 жылдың көктемінде Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жүргізілген далалық бақылау жұмыстары барысында Қызыл кітапқа енгізілген сирек жыртқыш құс — тазқараның балапаны бар ұясы анықталды.
«Көбею кезеңі наурыз–сәуірге сәйкес келеді. Әр маусымда тек бір жұмыртқа салады, ал басып шығару мерзімі шамамен 55 күн. Тазқара негізінен өлексемен қоректеніп, табиғаттағы экологиялық тепе-теңдікті сақтауда маңызды санитарлық рөл атқарады. Ұясын биік жартастарға, үлкен бұтақтар мен табиғи қуыстарды пайдалана отырып салады», — делінген хабарламада.
Тазқара мемлекет қорғауында, және оны сақтау жөніндегі барлық іс-шаралар табиғатты қорғау заңнамасымен қатаң реттеледі.