12 °c
Qonaev
Сенбі, Наурыз 25, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Шенеуніктердің тиімсіз жоспарлауы салдарынан бірқатар жобалар уақытылы іске аспай, ал қаржы игерілмей жатыр – Cұлтанғазиев

Өңір басшысы Алматы облысының жергілікті атқарушы органдары басшыларымен 2022 жылда атқарылған жұмыстарды қорытындылауға қатысты өткізген отырыста бюджет қаражаты шенеуніктердің тиімсіз жоспарлауы салдарынан дұрыс игерілмей жатқанын баса атап өтті.

Қатира Мағдатқызы
27.01.2023
Аймақ
Фото: Аслан Қажеке

Фото: Аслан Қажеке

WhatsAppTelegramFacebookTwitter

«Облыс бюджетінің жоспары 877,7 млрд теңгені құраса, атқарылуы 728,3 млрд теңгені немесе 83% құрады. 149,4 млрд теңге орындалмады. Игерілмеген бюджет қаражатының 6,1 млрд теңгесінің 4,4 млрд теңгесі тиімсіз жоспарлау және конкурстық рәсімдерді уақтылы өткізбеу себебінен игерілмеген. Мысалы, құрылыс басқармасы бойынша 1,5 млрд теңге, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы 1,1 млрд теңге, білім басқармасы 274,3 млн теңге, Талғар ауданы 242,0 млн теңге, Райымбек ауданы 253,5 млн теңге, Қонаев қаласы 228,2 млн теңге», – дейді өңір басшысы.

Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер бойынша 2,9 млрд теңге игерілмеген, оның ішінде құрылыс басқармасы бойынша 1,1 млрд теңге. Салдарынан көзделген нәтижеге қол жеткізілмей отырған ведомстволар қатарында энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік басқармасы да бар.

«Осы ретте, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бюджетті жоспарлау кезінде 2022 жылғы қателерді ескерсін және бюджетті нақтылау (түзету) кезінде қаражат бөлуге мониторинг жүргізсін», – деп тапсырды әкім.

Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, шенеуніктердің тиімсіз жоспарлауы салдарынан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының өңірде тиісті деңгейде іске асырылмай отыр.  Салынатын 63 мектептің Талғар ауданындағы 8 мектептің учаскесі бойынша құқық белгілейтін құжаттар ұсынылмаған.

Ал, 2020 жылдың қаңтар айында Дәулет ауылында мектеп едендері шөгіп қалуына қарамастан, Талғар ауданының әкімдігі төтенше жағдай бойынша хабарландыру және  қалпына келтіру жұмыстарын бастау үшін облыстық бюджеттен қаражат бөлуге өтінім бермеген.

Сонымен қатар, Талғар қаласындағы 72 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы, инженерлік-коммуникациялық желілерінің құрылысы дайын болмауына байланысты осы уақытқа дейін пайдалануға берілмеген.

Іле, Кеген, Райымбек аудандарында ауданішілік автобус бағыттары ұйымдастырылмаған, тарифтік комиссия және жолаушылар мен багажды тасымалдау конкурстық комиссиялары құрылмаған. Жамбыл, Қарасай, Іле, Еңбекшіқазақ, Балқаш, Кеген, Райымбек, Ұйғыр аудандарында жолаушыларды тасымалдау тарифі бекітілмеген (аудандарда бөлінген субсидияны игеру және электронды билет жүйесін енгізуге кедергі тудырып отыр).

Тегтер: Алматы облысыҚонаев қаласыМарат Сұлтанғазиевтиімсіз жоспарШенеунік

Ұсынымдар

2024 жылы Өтеген батыр ауылында Мәдениет үйі қолданысқа беріледі

24.03.2023

Алматы облысында халықты жайылым жермен қамтамасыз ету үшін комиссия құрылады

24.03.2023
Фото: Аслан Қажеке

Марат Сұлтанғазиев «Береке» аймағын инженерлік желімен қамтуды тапсырды

24.03.2023
Фото: polisia.kz

Жетісу облысында заңсыз аңшылықпен айналысқан азаматтан қару тәркіленді 

24.03.2023

Шарын ұлттық саябағында Sharyn визит-орталығы ашылды

24.03.2023

«Qnet» қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

24.03.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
ZERO.kz

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz