Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Шымбұлақ» тау шаңғы курорты Гиннестің рекордтар кітабына кірді

«Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты ресми түрде «Әлемдегі ең биік түнгі тау шаңғы трассасы» номинациясы бойынша Гиннестің рекордтар кітабына кірді.

27.03.2023
Аймақ

Guinness World Records офисінің судьясы Шейд Субаши-Гемиджи өз сөзінде «Шымбұлақта» болғанына қуанышты екенін айта келе, тау шаңғы курортының бас директоры Ринат Абдрахмановқа әлемдік рекордты растайтын сертификатты табыс етті.

Сертификатты тапсыру рәсімі және рекорд нәтижесін ресми тіркеу — теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте «Талғар асуы» станциясында өтті.

«Шымбұлақ» тау курорты әлемдегі ең биік түнгі шаңғы трассасы ретінде ресми түрде Гиннес рекордын алғаны туралы сіздерге хабарлауға қуаныштымын. Бұл әлемдегі жаңа рекорд», — деді Шейда Субаши-Гемиджи.

Өз кезегінде Ринат Абдрахманов бұл ел үшін маңызды оқиға екенін атап өтті. Оның айтуынша, 5 жыл бұрын шаңғымен түнгі сырғанау жолын ашу оның арманы болған, ал бүгінде арманы шындыққа айналды. Ол жиынға қатысушыларды өз арманына сенуге және алға ұмтылуға шақырды.

Салтанатты шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев қатысты.

«Бүгін тарихи күн. Біздің «Шымбұлақ» тау шаңғы курортымыз Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл бүкіл ел үшін үлкен жетістік. Әрине, біздің әлеуетіміз зор, «Шымбұлақ» еліміздегі туризмді дамытудың негізгі орындардың бірі болып табылады. Жалпы, қазіргі таңда Мәдениет және спорт министрлігінің араласуымен нақты қадамдар қабылданып жатыр. Атап айтқанда, елімізде алдағы жеті жылға арналған туризм саласын дамыту тұжырымдамасы әзірленді. Біз жергілікті атқарушы органдармен, серіктестермен, бизнес қоғамдастықпен бірлесіп инфрақұрылымды және туризмімізді дамытатын боламыз», — деді Асхат Оралов.

Шара соңында қызыл лента салтанатты түрде кесіліп, ең биік түнгі тау шаңғысы трассасымен төмен қарай жаппай сырғанау өтті.

Айта кетейік, теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте түнгі шаңғымен сырғанау 2021 жылдың қарашасында басталған еді. Осы уақыт ішінде жүздеген мың адам түнгі уақытта ең жоғары нүктеден түсіп үлгерді.

Тау шаңғы курортының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2021-2022 жылғы маусымда түнгі шаңғымен сырғанауға 50 346 турист келген, биылғы маусымда 10% есе көп келді, яғни, 55 486 келушілер болды.

Сонымен қатар, 2021-2022 жылғы маусымда күніне 12 520 адам келсе, биылғы маусымда курортқа 1 миллионнан астам адам келіп үлгерді.

Тегтер: алматыГиннесрекордШымбұлақ

Соңғы жаңалықтар

Как идет профилактика и борьба с коррупцией в системе санитарно-эпидемиологического контроля в Алматинской области за 2025 год

Николай Иващенко
03.03.2026

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz