Оған «Сайга-12» қаруынан үш рет оқ атылған, оқтар оң жамбасына және иығына тиген.
Күдікті ұсталды.
Алдын ала ақпарат бойынша, шабуыл жасаған адам — әкімдікке қарасты «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС қызметкері болуы мүмкін. Ол Берденовті ғимарат жанында күтіп тұрып, көшеге шыққанда бірнеше рет оқ атқан.
Куәгер — жүргізуші:
Оқиға куәсі болған Берденовтің жүргізушісі дереу әрекет етіп, көлігімен күдіктіні қағып, оны ұстауға көмектескен.
Руслан Берденовке ота жасалды.
Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері оның жағдайына байланысты ақпарат берді. Оқтар өмірлік маңызды ағзаларға тимеген, деп хабарлайды әріптестері. Қосымша мәлімет кейінірек жарияланады.
Қастандық жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полиция тергеу жұмыстарын бастап кетті.
Айта кетейік, 40 жастағы Руслан Берденов 2025 жылдың 24 ақпанында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған.
Фото: t.me/mazhilis_kz