-6 °c
Qonaev
Сәрсенбі, Ақпан 1, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Талдықорғанда бірнеше банкоматты бұзған ұры ұсталды

Жетісу облысының орталығында бірнеше банкоматты бұзған ұры ұсталды. Ол жеті жылға сотталуы мүмкін, деп хабарлайды Alataunews.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Назым Текеспаева
02.11.2022
Аймақ
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

33 жастағы ер адам сауда үйінің маңында қолға түсті. Ол банкоматты бұзып, қолма-қол ақшамен қашып кетуге тырысқан. Бірақ полицейлер оны ұстады. Жеке күзет ұйымының қызметкері де көмектескен.

Ұсталған адам Сарқан қаласының тұрғыны болып шықты. Облыс орталығына ұрлық жасау мақсатында арнайы келген. Одан банкоматты бұзуға қажетті құралдар – арқан, тістеуік, металл кескіш, бетперде және жұмыс қолғаптары тәркіленді. Күдікті қылмысқа жан-жақты дайындалған. Бейнебақылау камераларының бар-жоғын, ғимараттарға кіру және қашу жолдарын зерттеген.

«Қазір күдіктінің Талдықорған қаласындағы үш, Сарқан қаласындағы үш және Ақсу ауданы Жансүгіров ауылындағы бір ұрлыққа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Алты жағдайда банкоматтар бұзылған. Жалпы шығын шамамен 8 млн теңгені құрады», – дейді полицейлер.

Күдікті қамауға алынды. Оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық, бірнеше рет жасалған әрекет) бойынша екі жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі тәркіленеді.

Тегтер: Жетісу облысыТалдықорғанұрлық

Ұсынымдар

Түрмеге нанның арасына телефон жасырып өткізбек болған әйелдің әрекеті әшкере болды

01.02.2023

Алматы облысында «Қазақ» газетінің 110 жылдығына орай кеңес өтті

01.02.2023

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғындарды қабылдады

01.02.2023
Фото: Аслан Қажеке

«Көлсай көлдері» ұлттық паркінің аумағында Нидерланды технологиясы енгізілмекші

01.02.2023

Алматы облысында апатты жағдайдағы су қоймалары жоқ – ТЖД

01.02.2023

«Subaru» автокөлігі Қапшағайда мұз астына түсіп кетті

01.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz