7 °c
Qonaev
Сәрсенбі, Наурыз 22, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Талғар ауданында алғаш рет жамбас буынын протездеу отасы жасалды

Талғар аудандық орталық ауруханасында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында алғаш рет жамбас буынын протездеу операциясы жасалды, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі облыстық Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақерке Жұмағазықызы
17.03.2023
Аймақ
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

«Имплант орнату бойынша жоспарлы операция «Сол жақтағы 3-4 дәрежелі деформациялық коксартроз» диагнозымен бірнеше жыл бақылауда болған 1962 жылы туған науқасқа жасалды. Науқаста ауырсыну синдромы болды және консервативті емдеу әдістері, физиотерапия және жаттығу терапиясы оған айтарлықтай жеңілдік бермеді. Бұған дейін осындай дертке шалдыққан науқастар басқа ауруханаларға жедел емдеуге жіберілетін», – делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жамбас буынын протездеу, яғни зақымдалған сүйектер мен шеміршектерді протез бөліктермен ауыстыру операциясы тәжірибелі хирург Арсен Қанатұлы, травматология бөлімінің меңгерушісі Малаев Талғат Аманбекұлы, травматолог Нұрмұқашев Исламбек Арыстанбекұлы, анестезиолог Ғалиева Зухра Тұрсынқызының қатысуымен жасалды. Қазіргі уақытта науқас емнен кейін оңалтудың бірінші кезеңінен өтіп жатыр.

«Буын эндопротезі – тірек-қимыл аппараты аурулары мен жарақаттарды емдеу жолындағы үлкен жетістік. Буындарды қалыпты емдеудің әсері болмағанда оны ауыстыру науқастың емделіп кетуінің бірден бір жолы», – деп жазды баспасөз қызметі.

Тегтер: Алматы облысыотаТалғар

Ұсынымдар

Мереке күндері 20 мыңға жуық полицей азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді

22.03.2023

Мемлекет басшысының атына Наурыз мейрамына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр

22.03.2023
Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Президент қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

22.03.2023
Фото: Alataunews.kz

Қонаев қаласында Наурыз мерекесін атап өту ағаш егуден басталды

22.03.2023

Ауғанстандағы жер сілкінісі Тараз бен Шымкентке сезілді

21.03.2023
Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Nomad Stunts тобының өнерін тамашалады

21.03.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
ZERO.kz

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz