Наурыз айынан бастап 12 мың гектарда тырмалау және ылғал сақтау жұмыстары жүргізілуде. 7400 гектар жер жыртуға, 13 мың гектардан астамы себу алдындағы өңдеуге дайындалуда. Күздік дәнді дақылдар 3 мың гектарды алып жатыр, олардың жағдайы қанағаттанарлық.
Аграршылар көктемгі дала жұмыстарына 600-ден астам ауыл шаруашылығы техникасын дайындады. Олардың қатарында тіркемелер, соқалар, сепкіштер мен басқа да құрал-жабдықтар бар. Сонымен қатар, 18 млн теңгеге екі жаңа трактор іске қосылды, ал Lovol маркалы тағы төрт техника лизингке рәсімделуде.
Өткен жылы аудан шаруашылықтары 500 млн теңгеден астам сомаға 47 бірлік техника сатып алды. Биылғы маусымға 12 шаруашылық 800 тонна дизель отынына сұраныс беріп отыр. Тиісті келісімдер «Петрофон» компаниясымен жасалуда.
Фермерлер 860 тоннадан астам минералды тыңайтқышқа тапсырыс берді. Жеткізушілер қатарында «ҚазАзот», «ҚазФосфат», «АгроМарт» және «Әлем Агро» компаниялары бар. Сонымен бірге, «Кеңдала» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы арқылы 211 млн теңгеден астам сомаға өтінім берілді.
Суару жүйесі – ауданның басты назарында. Негізгі су жеткізушілер – жергілікті су шаруашылығы басқармасы мен Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы. Өткен жылы үш арнаны қайта жаңғыртуға 1 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.
Ақпан айында өткен ауыл шаруашылығы оқуларында егіс науқаны мен су үнемдеу технологияларын енгізу мәселелері талқыланды. Қазір 22,6 мың гектар суармалы жердің 4,6 мың гектары заманауи әдістермен қамтылған. Бұл көрсеткіш алдағы жылдары ұлғайтылмақ.
«Нұрбеков» фермерлік шаруашылығы «Спецконструкция» компаниясымен заманауи суару жүйесін енгізуге келісім жасасты. Басқа шаруашылықтар да су үнемдеу технологияларын кеңінен қолдануға кірісіп жатыр.