14 °c
Qonaev
Дүйсенбі, Қыркүйек 25, 2023
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Театр, жас маман, пәндік олимпиада: Қонаевтағы №5 мектептегі жаңалықтар

Бұған дейін Alataunews.kz ақпарат агенттігі Алматы облысының орталығы - Қонаев қаласында орналасқан мектептердің рейтингін жасаған.

Ақерке Жұмағазықызы
18.09.2023
Аймақ
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Нәтижесінде А. Жұбанов атындағы №5 мектеп пен Ш. Уәлиханов атындағы №2 мектеп 20% дауыспен ең жоғары көрсеткішке ие болды.

Тілшілер тұрғындар мақтап, дауыс берген №5 мектепке барып, тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.

Бұл оқу ошағы 1987 жылы салынған. Оқушылар орнының саны – 1176. Мұнда қазір 1453 оқушы екі ауысымда оқып жатыр.

Мектепте барлығы 115 педагог қызмет етеді. Оның ішінде 2 педагог-шебер, 19 педагог-зерттеуші, 19 педагог-сарапшы, 35 педагог-модератор бар. Жаңа оқу жылында 1 жас маман жұмысқа қабылданған. Ал еңбек өтілі 3 жылға жетпеген 8 педагог балаларға білім береді.

Мектеп бойынша 696 бала тегін ыстық тамақпен қамтылған, оның 682-сі 1-4-сынып оқушылары. Асханада 180 орын бар.

Білім ордасының директоры Мақпал Байжанованың айтуынша, мектеп ұжымы, оқушылар қайырымдылық акцияларына белсенді қатысады. Мысалы, «Мектепке жол – Жақсылық жаса» ұранымен өткізілген республикалық акцияда демеушілер, ата-аналар мен педагогтердің қолдауымен 30 балаға көмек көрсетілді. Оларға мектеп формасы, спорттық аяқ киім, спорт киімдері, мектеп сөмкесі, оқуға қажетті құрал-жабдықтар берілді.

Бұдан бөлек, Үкімет тарапынан «Жалпыға бірдей білім беру» қорынан 48 оқушыға бір реттік 40567 теңге көлемінде қаржылай көмек тағайындалды.

Бірнеше жылдан бері күрделі жөндеуден өтпеген. Биыл оқу ордасының тиісті құжаттары дайындалып жатыр. Күрделі жөндеу 2025-2026 жылдары жүргізіледі деп жоспарланған.

Сонымен қатар білім алушылардың республикалық, облыстық деңгейдегі жеткен жетістіктері аз емес. Толығырақ видеодан тамашалай аласыздар.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚонаевмектеп

Ұсынымдар

Алматы облысы мен Қырғызстан арасында тауар айналымы 15%-ға өсті

25.09.2023

Алматы облысында республикалық зияткерлік ойын өтті

25.09.2023

Қонаевта жылу қашан берілетіні белгілі болды

25.09.2023

Мәдениет басқармасына жаңа басшы тағайындалды

25.09.2023

Америкада екінші адамға шошқаның жүрегі салынды

25.09.2023

Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы тағайындалды

25.09.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
ZERO.kz

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz