Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Түрік компаниясы Алматы облысындағы үй құрылысы комбинатына инвестиция салуды жоспарлап отыр

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев «Taşyapı Inşaat Taahhüt San. Tıc. A.Ş» түрік компаниясының өкілдерімен кездесті.

11.04.2023
Аймақ

Кездесу барысында тараптар өңірдің алдағы дамуы аясында TAŞYAPI тобының қызметін дамыту мәселесін талқылады. Бұл туралы Алматы облысының Өңірлік даму орталығынан хабарлады.

Компания жеке жобалар бойынша заманауи тұрғын үйлерді салу үшін әмбебап үй құрылысы комбинатын салуды және іске қосуды, комбинаттың өндірістік қуатқа мерзімінде шығуын қамтамасыз етуді және өзіндік құны төмен тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттардың жылдам құрылысын қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Қазіргі уақытта Алматы облысының индустриялық аймағында — Қонаев және Алматы қалалары арасында орналастыру бойынша 5 гектардан учаске бөлу, мемлекеттік қолдау көрсету шаралары бойынша мәселелер қаралып жатыр.

Жобаның құны 10 000 000 доллар. Жоба шеңберінде 250 жұмыс орны құрылады. Алдағы уақытта кезең-кезеңімен 500-ге дейін өседі.

Компания «Taşyapı Inşaat Taahhüt San. Tıc. A.Ş» Түркиядағы жетекші құрылыс компанияларының бірі және өнеркәсіптік, тұрғын-жайлы қалаларды салуға маманданған.

Тегтер: алматыбаспанаҚонаевқұрылыс

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысы Ішкі саясат басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Алматы облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Алматы облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған жұлдыздар матчы өтті

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Air Astana БАӘ-де қалған қазақстандықтарды елге жеткізу үшін арнайы рейстер ұйымдастырады

Қорлан Нұрланқызы
09.03.2026

10 наурыз: Алматы облысында қолайсыз ауа райы күтіледі

Қорлан Нұрланқызы
09.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz