«Алматы облысының аумағында, Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде, Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында көшкін қаупі бар 55 учаске бар. Қар көшкіні температура жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашын жаууы байланысты түседі. Азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкіні жүруі мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ, таулы жерлерде барлық қауіпсіздік, сақтық шараларын сақтауды сұраймыз», — деп жазылған хабарламада.