Бұған дейін жүргізушілердің ақылы автобанды қолданғаны үшін ақы төлемей 3 млрд теңгеден аса қарызданғанын хабарлағанбыз.
ҮАААЖ бойынша жол ақысына берешектердің негізгі санаты жеңіл автомобильдер болып табылады. Төлемді жол жүргеннен кейінгі жеті күн ішінде төлеуге болады. Алдымен пайдаланушыларға банктік қосымшаларда БАКАД бойынша жол жүру берешегінің болуы және оны өтеу қажеттілігі туралы хабарламалар жіберіледі. Содан кейін тиісті орган айыппұл салады. Алайда, мұнымен шектелмейді, қарызы бар жүргізушілердің елден шығуына да шектеу қойылады.
«Берешек пайдаланушылардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өндіріп алынатын болады. Ақылы автомобиль жолдарымен жүріп, уақытылы төлемегені үшін әкімшілік іс жүргізіледі. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айыппұл салынады. Сондай-ақ пайдаланушылардың қарызы өтелгенше Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өтуге тыйым салу көзделген», — деді Көлік министрлігі.
Фото: kolesa.kz