29 °c
Qonaev
Бейсенбі, Маусым 8, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Үлкен Алматы айналма жолы биыл пайдалануға беріледі

Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы осы жылдың екінші тоқсанында пайдалануға беріледі

23.05.2023
Аймақ
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Жамбыл Бақтияр айтты.

Айтуынша, ұзындығы 66 шақырымға созылған үш жолақты I-А санатты жол, қарама-қарсы бағытта да солай қарастырылған. Жалпы саны алты жолақ болатын ақылы автомобиль трассасында сағатына 120 шақырыммен жүруге рұқсат етілген.

«ҮАААЖ-ында ақы алудың ашық жүйесі қарастырылған. Яғни, бұл жүйе айналма жолда шығар кезде және кіреберісінде шлагбаум қоюды қажет етпейді», – деді ол.

Сондай-ақ ол жобаның қолайлығы мен артықшылықтарына да тоқталды.

«Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы негізгі магистралдарды босату және жол желісінің өткізу қабілетін жақсарту арқылы Алматы қаласындағы көлік ағынын қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде кептелістерді азайтып, жергілікті тұрғындар мен қала қонақтары үшін көлік қолжетімділігін жақсартады», – деді спикер.

«БАКАД Инвестиции и Операции» ЖШС-нің пайдалану және техникалық қызмет көрсету бөлімінің басшысы Нұрланбек Өмірбаев ҮАААЖ құрылысы барысында жоғары сапалы жабынға қол жеткізу үшін асфальтобетон төсеудің заманауи технологиялары мен әдістері қолданылатынын атап өтті.

«Жол құрылысына жоғарғы сапалы материалдар мен жүк көліктерінің салмағын еш қиындықсыз көтере алатын асфальт жабындылары қолданылды. Бұл автомобильдердің тозуын азайтуға және оларды оңай басқаруына көмектеседі», – деді Нұрланбек Өмірбаев.

Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы 2023 жылдың екінші тоқсанында пайдалануға беріледі.

Тегтер: жолҮлкен Алматы

Ұсынымдар

Ольга Рыпакованың қызы Азия чемпионатының қола жүлдесін алды

08.06.2023

Президент Алматыда Орталық Азия елдерінің жобалық кеңсесін құруды ұсынды

08.06.2023
Фото: polisia.kz

Жетісу облысында тауға шыққан тиктокер жоғалып кетті

08.06.2023

Қазақстанда жемқорлықпен күресіп жатырмыз – Президент

08.06.2023

Қазақстанда бизнес жүргізу үшін барынша жағдай жасаймыз – Тоқаев

08.06.2023

Президент Халықаралық валюта қорының басқарушы директорын қабылдады

08.06.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
ZERO.kz

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz