Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Ұйғыр ауданында ауыл шаруашылығы өндірісімен айналысатын кәсіпкерлер жәрмеңкесі өтті

Ұйғыр ауданы еңбекқор шаруалардың маңдай терімен өсірілген өнімдерді елге таныту, жергілікті кәсіпкерлерді қолдау және ұлттық тағамдарды дәріптеу мақсатында "Бір ауыл - Бір өнім" ауыл шаруашылығы көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
21.02.2025
Аймақ, Алматы облысы, Мақала

Ауыл шаруашылығы – Ұйғыр ауданының негізгі салаларының бірі. Ал көрме – тек өнімдердің сапасын көрсету алаңы ғана емес, сондай-ақ аудандағы кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының еңбегін бағалап, олардың кәсібіне қосқан үлесі. Көрме аясында жергілікті шаруалардың табиғи әрі экологиялық таза өнімдері мен ұлттық тағамдардың алуан түрі таныстырылды.

 Көрмеге ауданның көптеген кәсіпкерлері мен шаруашылық иелері қатысты. Олар тауық еті, сүт өнімдері, бал, жеміс-жидек, қолөнер бұйымдары және басқа да өнім түрлерін ұсынды. Бұл келушілер үшін ауылдың нағыз дәмін сезінуге таптырмас мүмкіндік болды.

Аудан әкімінің айтуынша, ұлттық тағамдар мен дәстүрлі өнімдердің кеңінен ұсынылуы аудан тұрғындары мен қонақтарына қазақтың бай мәдениеті мен ас мәзірін таныстырып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан асыл мұраларды сақтап қалуға жол ашады.

«Ауданымыздың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінен құралған жәрмеңке – бұл жергілікті өнімдерді дәріптеп, ұлттық тағамдарды насихаттауға арналған маңызды іс-шара. Жәрмеңке көрінісі тек өнімдердің сапасын көрсету ғана емес, сонымен қатар, ауданымыздағы кәсіпкерлердің ауыл шаруашылығына қосқан үлесін атап өтуге мүмкіндік береді», — деп атап өтті Ұйғыр ауданының әкімі Бота Елеусізова.

Айта кетейік, жәрмеңке ауыл шаруашылығының жергілікті экономиканы дамытудағы маңызын айқындайды.

Тегтер: алматы облысының жаңалықтарыауыл шаруашылығы көрмесіБота ЕлеусізоваҰйғыр ауданы

Соңғы жаңалықтар

Ярмарка сельскохозяйственной продукции прошла в Кегене в день референдума

Николай Иващенко
15.03.2026

Явка граждан на референдуме по новой Конституции Казахстана на 14:00 составила 51,93% — ЦИК

Николай Иващенко
15.03.2026

Лесники в Шонжи проголосовали и посадили 30 деревьев на школьном дворе

Николай Иващенко
15.03.2026

В день референдума в Алматинской области родились 24 малыша

Николай Иващенко
15.03.2026

Ярмарка сельхозпродукции в Алатау прошла в день республиканского референдума

Николай Иващенко
15.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz