-2 °c
Qonaev
Дүйсенбі, Ақпан 6, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Ұлымды құлдықта ұстап отыруы мүмкін: Алматы облысының тұрғыны ұлын іздеп жүр

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында 4 ай бұрын із-түзсіз кеткен ер адамның әкесі ұлын іздеп жүр, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі «Алматы» телеарнасына сілтеме жасап.

Айжан Умбеткали
30.09.2022
Аймақ
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Жаздың басында жұмысқа кеткен 32 жастағы азаматқа іздеу жарияланды

Жаздың басында жұмысқа кеткен 32 жастағы азаматтың қайда және кіммен жүргенін жергілікті жұрт та, полиция да білмей отыр.

Абай Шамаков сол күні әдеттегідей нәпақасын табу үшін Есік қаласына кіретін жолдың бойына шыққан. Бұл жерден көбіне егінмен айналысатын шаруалар немесе құрылыс бастағандар қара жұмысқа адам жалдайдын көрінеді. Із-түссіз кеткен 32 жастағы ауыл тұрғыны – жасы 70-ке таяған Жүсіпбай Бекқабұловтың жалғыз ұлы. Жоғалған жігіттің жақындары оның «ойлау қабілеті дамымаған» дейді. Бірақ алысқа ұзап кетпесе, үйге қайтар жолды біледі екен.

«Құлдықта ұстап отырғаны рас шығар деп ойлаймын. Болмаса, мүмкін емес. Алып кеткен адам «Мұның әке-шешесі бар, ағайын-туысы бар. Жолды білмейді» деп неге әкеліп тастамайды», – деді А. Шамаковтың әкесі Жүсіпбай Бекқабұлов.

70-ке таяған шағында жалғыз ұлынан көз жазып қалған қарияның 4 айдан бері бармаған жері, баспаған тауы қалмаған. Үйіне оралмаған 32 жастағы тұрғынды іздеуге ауыл жұрты да шыққан.

«Біраз жерден іздедік. Бірақ нәтиже болмады. Бағаналарға суретін іліп шықтық. Бірақ «көрдім», «осы бала мында жүр» дегендер болмады. Ешқандай хабар жоқ», – деді көршісі Зарина Юсупова.

Шарқ ұрып іздеуден түк шықпағандықтан Жүсіпбай 4 шілдеде полицияға арыз жазып қалдырған. Алайда жоғалған жігітті тәртіп сақшыларының өзі әлі күнге дейін таба алмай жатыр. Әзірге «адам жоғалу» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны ғана мәлім.

«Адамды анықтау бағдары барлық полиция бөлімдеріне жіберіліп, еріктілермен бірлесе іздестіру шаралары ұйымдастырылды. Егер жоғалған адам бойынша қандай да бір ақпар болса, полицияға хабарласуыңызды сұраймыз», – деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің өкілі Ернар Сәйділдин.

Полиция жауабына қанағаттанбаған қария жалғыз ұлын іздеуге қайта аттанды. Көлігіне мініп, Абайдың суретін ауылдың бұрыш-бұрышына іліп жүр. Үміті үзілмеген ол енді Алматыдағы полицияға жүгінбек.

Ұсынымдар

Қонаев қаласында қоғамдық көліктің қосымша 2 бағыты іске қосылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысының Жиделі ауылында су тасқынына қарсы шара жүргізілді

05.02.2023

Қазақстанда ұстаздар күнін 5 қазанға белгілеу ұсынылды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жамбыл мен Алматы облыстарында құтқарушылар су тасқынының алдын алды

05.02.2023
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысында Ұзынағаш-Отар жолын су алды

05.02.2023

«Петропавл-Алматы» бағытындағы пойыз вагонынан өрт шықты

04.02.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz