Оқиға орнына Алматы облысы әкімінің орынбасары Әсет Масабаев пен Алматы облысы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Дәурен Оразбеков жедел жетті.
Салдарды жою үшін Алматы облысы ТЖД және №28237 әскери бөлімінің 62 қызметкері мен 7 техникасы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың 9 қызметкері мен 4 техникасы жұмылдырылды.
Құтқару қызметтері тұндырғышты нығайту, инертті материалдарды қолданып, қорғаныш үйінділерін салу және су айдау жұмыстарын жүргізді. Қазіргі уақытта аула аумақтарынан су толығымен шығарылып жатыр.
Жағдай ТЖМ бақылауында, су тасқынының салдарын жою жұмыстары жалғасуда.