Ал бүгін қай аудандарда қанша мектеп бой көтеретіні белгілі болды. Атап айтқанда:
- Еңбекшіқазақ ауданы – 11 (2 мектепке қысқарды);
- Жамбыл ауданы – 7 (1 мектепке азайды);
- Іле ауданы – 12 (2 мектепке азайды);
- Қарасай ауданы – 10 (2 мектепке қысқарды);
- Талғар ауданы – 11 (З мектепке азайды);
- Қонаев қаласы – 2 (өзгеріссіз қалды).
Білім басқармасының мәліметінше, 2023-2024 жылдар аралығында 26 мектеп, 2024-2025 жылдары 27 мектеп салу жоспарланған.
Сонымен қатар өңірде жобаны жүзеге асыру үшін мәселе туындап отыр. Биыл салынуы жоспарланған 20 оқу ордасының жобасына «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тарапынан бірқатар өзгерістер (автотұрақ жерін кішірейту, оқу ордасы аумағында салынған нысандарды бұзып, қайта салу, құжат рәсімдеу) енгізіліп, сын-ескертпелер берілген. Анықтама ретінде айта кетейік, «Жайлы мектеп» жобасын іске асырудағы бас оператор – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ. Аталған мәселеге байланысты 6 шілде күні кеңейтілген отырыс өтіп, жобаның жүзеге асу уақыты нақты белгіленген жол картасы әзірленді.
Айта кетейік, Алматы облысында үш ауысымда оқытатын 51 мектеп бар. Онда 87 362 оқушы оқиды, тапшы орын саны – 28 936. Ал жалпы өңірде 330 395 оқушы бар.