Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жарық жоқ, су да бірге тоқтайды — Қонаев қаласының саяжай тұрғындары

Қонаев қаласындағы 4 саяжай тұрғындары жарықпен қамтамасыз ететін кооперативке шағымданды.

14.11.2022
Аймақ

Олардың айтуынша, жарық күніне бірнеше рет өшеді екен. Оған қоса су да тоқтап қалады, интернет жылдамдығы баяулайды. Кеше саяжайдағы трансформатор өртеніп кеткенде тұрғындардың шыдамы таусылып, шу шығаруға тура келген. Апаттық жағдайдың салдарынан кей тұрғындардың тұрмыстық техникалары күйіп кеткен.

«Бұл проблемамен 3-4 жыл бойы күресіп келеміз. Жарықтың 1 кВт-на 28 тг төлейміз. Ақшаның қайда кетіп жатқаны белгісіз. Қаланың балансына өтіп алсақ, жақсы болатын еді. Жеке меншік компаниядан түк пайда жоқ», — дейді тұрғындар.

Ал пәтер иелері кооперативі төрағасының айтқанына сүйенсек, керісінше, тұрғындар қосымша жылытқыш құрылғыларын қосқаннан трансформатордың күші жетпей, жарық өшеді.

«Қарызын төлемей жүрген тұрғындар да бар. 24,5 теңгені қалалық «Энергосбыт» компаниясына өткіземіз, қалған ақшаны жұмысшыларға төлеп отырмын. Кешегі жағдайды түнгі 3-4-ке дейін жасадық, таңды күтіп отыруыма да болатын еді», — деді кооператив төрағасы Мұратбек Башиев.

Қонаев қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының басшысы Дархан Қарағонысов болса қазіргі таңда жобалық-сметалық құжат дайындалып жатқанын, желтоқсанның аяғына дейін бұл саяжайдағы қосалқы электр стансасының қала балансына өтетінін айтты.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: жарықҚонаев
Please login to join discussion

Соңғы жаңалықтар

215 млн теңге табыс: Алматы облысының өнімдері елордадағы жәрмеңкеде жоғары сұранысқа ие болды

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

Тоқаев Маңғыстаудағы 14 әскери қызметшінің қазасына қатысты мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер мемлекеттік наградалармен марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

Жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

Алматы облысы Астанаға 180 тонна ауыл шаруашылығы өнімін жеткізді

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz