Аталған жарысқа Өзбекстан Республикасы мен Алматы қаласы, Алматы, Маңғыстау, Түркістан облыстары мен Алматы облысының Қонаев қаласы, Еңбекшіқазақ, Іле, Қарасай, Талғар аудандарының командалары қатысты.
Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған Талғар ауданының әкімі Таңат Айдарбеков спортшылар мен спорт ардагерлерін құттықтап, оларды Алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
«Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала. Талғар ауданында 2022 жылдан бастап Бұқаралық спорт орталығы құрылып, жұмыс істеп келеді. 2023 жылы ауданымыздағы жалпы халық саны 240 022 адам болса, оның ішінде спортпен шұғылданушылардың саны 78 007-ге жетті, яғни, аудандағы жалпы халық санының 32,5 пайызын құрады. Ауданда биылғы жылы 231 республикалық, облыстық және аудандық деңгейдегі бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, 18 мыңнан аса адам қамтылды», – деді аудан басшысы.
Осымен екінші мәрте өтіп отырған турнирде жас боксшылар шеберліктерін жан-жақты көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша мына спортшылар жүлделі орындарға қол жеткізді.
33 келі
1-орын – Абылай Досымбеков (Алматы қаласы)
2-орын – Бекарыс Сержантұлы (Талғар ауданы)
3-орын – Амир Мұқаш (Талғар ауданы)
35 келі
1-орын – Айқын Нұрлыбек (Алматы қаласы)
2-орын – Айбын Сұлтанмұрат (Алматы қаласы)
3-орын – Нұрсұлтан Әмірхан, Тасболат Еламан (Еңбекшіқазақ ауданы)
37 келі
1-орын – Тамерлан Сман (Талғар ауданы)
2-орын – Азамат Мұхтар (Талғар ауданы)
3-орын – Ерсайын Махмұт, Бейбарыс Асқарбек (Талғар ауданы)
40 келі
1-орын – Сайдахрор Мирзрахимов (Өзбекстан)
2-орын – Абдулла Талғатұлы (Талғар ауданы)
3-орын – Мейіржан Телқозы (Қарасай ауданы), Алдияр Рахатұлы (Еңбекшіқазақ)
43 келі
1-орын – Ельдар Наурызбеков (Қонаев қаласы)
2-орын – Абдулатив Иброхимжанов (Өзбекстан)
3-орын – Жандәулет Құттыбаев, Ерасыл Қажымұқан (Жігер БЖСМ)
46 келі
1-орын – Нұржан Кушанов (Жігер БЖСМ)
2-орын – Мансұр Нұрамбеков (Еңбекшіқазақ ауданы)
3-орын – Мұхамед Сидиков (Өзбекстан), Елемес Мейірлан (Жігер БЖСМ)
49 келі
1-орын – Алихан Таубалды (Іле ауданы)
2-орын – Арлан Бақытжан (Талғар ауданы)
3-орын – Рамазан Тоғыс (Жігер БЖСМ)
52 келі
1-орын – Абубакр Соййбжан (Өзбекстан)
2-орын – Айқын Исмаил (Түркістан облысы)
3-орын – Әлібек Бекмұратұлы (Жігер БЖСМ), Алдияр Қосмағамбетов (Талғар ауданы)
55 келі
1-орын – Бекжан Бейбіт (Талғар ауданы)
2-орын – Әділбек Жексенби (Талғар ауданы)
3-орын – Жансұлтан Қалымбектов (Жігер БЖСМ), Мерей Дүйсенбаев (Талғар ауданы)
58 келі
1-орын – Бобуршох Адохонжанов (Өзбекстан)
2-орын – Ерсұлтан Елубай (Алматы)
3-орын – Ислам Тохтамыс (Талғар), Нұрбол Ахмет (Жігер)
61 келі
1-орын – Алинұр Жабаев (Талғар)
2-орын – Зариф Алисұлтанов (Алматы)
3-орын – Мансұр Мұхатұлы (Алматы, Мирас Серік
64 келі
1-орын – Мейірхан Сейтхан (Түркістан облысы)
2-орын – Дінмұхамед Елмұратұлы (Талғар)
3-орын – Ярмұхамед Масимов, Айбын Мажит (Талғар ауданы)
70 келі
1-орын Алмат Дүйсенов (Талғар)
2-орын – Хуршид Журеав (Өзбекстан)
3-орын – Мейірбек Дінмұхамед, Жалғас Амиров (Еңбекшіқазақ ауданы)
+70 келі
1-орын – Мейіржан Пошанбеков (Алматы облысы)
2-орын – Нұрмұлтан Кемелхан (Алматы қаласы
3-орын – Темірлан Сәкенұлы (Маңғыстау), Ислам Мұхаметқали (Талғар)