12 °c
Qonaev
Сенбі, Наурыз 25, 2023
  • Рус
Alataunews.kz
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
No Result
View All Result
Alataunews.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Жас мемлекеттік қызметшілерге қандай қолдау көрсетіледі? – мамандар түсіндірді

Бүгін Алматы облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Ляззат Бейсеқұлова Қонаев қаласында жастармен кездесу өткізді.

Ақерке Жұмағазықызы
01.02.2023
Аймақ
WhatsAppTelegramFacebookTwitter

Кездесу барысында департамент басшысы жас мамандарға мемлекет тарапынан қандай қолдау көрсетілетінін түсіндірді.

«Іріктеуден өтіп, мемлекеттік қызметке кіріскен жас мамандарға мемлекет тарапынан қолдау жасалады. Оларға 3 айға дейін тәлімгер тағайындалады. Тәлімгер жұмысты қалай атқару керектігін үйретіп, бағыт-бағдар береді. Бұдан бөлек, бюджеттен қаражат бөлініп, Басқару академиясының филиалдарында 3 апталық оқыту өткізіледі», – деді жиында департамент басшысы Ляззат Бейсеқұлова.

Ляззат Бейсеқұлованың айтуынша, мамандар арасында білімді, өзін-өзі дамытуға дайын, ашық жастар өте көп. Яғни, департамент міндеті – сол қабілетті жастарды мемлекеттік қызметке көбірек тарту.

Сонымен қатар департамент басшысы жас мамандардың еңбекақысына көңіл бөлініп, соңғы жылдары бірнеше пайызға өскенін айтты.

«Жас мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысының көлемі – 180 мың мен 240 мыңға дейін. Менің өзіме келетін болсақ, еңбек өтілім – 25 жыл, таза қолыма 580 мың теңге еңбекақы аламын», – деді Ляззат Бейсеқұлова.

Жиында мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасудың бірқатар артықшылықтары да сөз етілді. Олар:

  • тұрақтылық және әлеуметтік қауіпсіздік (тұрақты еңбекақы, 2 жалақы мөлшеріндегі сауықтыру жәрдемақысы, жұмыстан қысқартылған кезде 4 жалақы мөлшеріндегі төлем және т.б.);
  • мансаптық өсу (мемлекеттік қызметшілердің 66,4%-ы 2022 жылы қызметте ілгерілеуге қол жеткізді);
  • іс-тәжірибеден өту, оның ішінде, шетелдік органдарда іс-тәжірибеден өту;
  • ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына грантқа түсу (магистратура және докторантура);
  • «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен жұмысқа орналасу;
  • тұрғын үймен қамтамасыз етілу.

Айта кетейік, Алматы облысында 3700 мемлекеттік қызметші жұмыс істейді, оның 880-і жастар. 1 қаңтардың дерегіне сүйенсек, қазіргі таңда облыста 450-ден астам жұмыс орны бос тұр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚонаев

Ұсынымдар

2024 жылы Өтеген батыр ауылында Мәдениет үйі қолданысқа беріледі

24.03.2023

Алматы облысында халықты жайылым жермен қамтамасыз ету үшін комиссия құрылады

24.03.2023
Фото: Аслан Қажеке

Марат Сұлтанғазиев «Береке» аймағын инженерлік желімен қамтуды тапсырды

24.03.2023
Фото: polisia.kz

Жетісу облысында заңсыз аңшылықпен айналысқан азаматтан қару тәркіленді 

24.03.2023

Шарын ұлттық саябағында Sharyn визит-орталығы ашылды

24.03.2023

«Qnet» қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

24.03.2023
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
ZERO.kz

© 2022 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Оқиға
  • Қоғам
  • Ә, кімдер?
  • Елорда
  • Аймақ
  • Аңдатпа
  • Рус

© 2022 www.alataunews.kz