Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасындағы табиғи монополиялар салаларына реттеліп көрсетілетін қызметтер жатады:
1. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында тауарлық газды сақтауды, тасымалдауды қоспағанда, тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау жөніндегі;
2. электр энергиясын беру жөнiндегi;
3. топырақтың жылуын, жерасты суларын, өзендерді, су айдындарын, өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылысжайларының сарқынды суларын пайдалана отырып өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау жөніндегі;
4. бәсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдардың;
5. сумен жабдықтау және (немесе) су бұрудың реттеліп көрсетілетін қызметтері жатады.
Табиғи монополиялар субъектісі уәкілетті органға табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу туралы өтінішпен жүгінуге міндетті. Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілмеген тұлғалардың реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсетуіне жол берілмейтінін атап өткен жөн. Қазіргі уақытта Алматы облысы бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тізілімінің жергілікті бөлімі реттеліп көрсетілетін қызметтердің 127 түрін көрсететін 102 субъектіні қамтиды, оның ішінде:
• 11 газ тасымалдау субъектісі;
• жылумен жабдықтау қызметі бойынша 13 субъекті;
• сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсететін 71 субъекті;
• электр энергиясын беру бойынша 4 нысан;
• Кірме жол қызметі бойынша 8 субъекті;
Заңның 26-бабы 2-тармағының 3-тармағына сәйкес табиғи монополиялар субъектісі осы Заңға сәйкес бекітілген тариф бойынша реттеліп көрсетілетін қызметті көрсетуге міндетті.Сонымен қатар, белгіленген тарифсіз реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін тұлғалар анықталған жағдайда, табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 164-бабының 3-бөлігінің негізінде: оларды әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау нәтижесiнде алынған кiрiс (түсiм) сомасының жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салумен әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға.